Балалар

Жастар саясаты тұжырымдамасы жаңа қағидалармен толықты

Бұл темекі тартуға қарсы тұрған “Студенттер Альянсының” бастамасы. Салауатты өмір салтын ұстанатын белсенділер осы арқылы қатарластарын зиянды әуестіктерден аулақ жүруге шақырады. Шылым шегуден арылумен қатар денсаулықты шыңдауды әдетке айналдыру өзіне бөлек енді бір мәселе. Сондықтан қоғамдық ұйым мүшелері ұдайы бас қосып, жастарды бұқаралық спортқа үндейтін игі шараларды ұйымдастырып тұрады.

 Жанагүл Сұлтанова, “СҚО студенттер Альянсы” ҚБ белсендісі:
– Жастар концепциясында спортқа үлкен көңіл бөлінеді. Осыған орай түрлі турнирлер өткіземіз. Жастар жиналып, футбол, волейбол, теннис ойнайды.  

Сондай-ақ жастар саясаты бағдарламасында елжандылыққа тәрбиелеу, жемқорлықтан алшақ жүруге шақыратын бағыттар  бар. Құжатта студенттердің құқығын қорғау мен білім сапасын арттыру жағы да ұмыт қалмаған. Жастарды алаңдататын өзге де мәселелерді шешу қарастырылған.

Нұрсұлтан Әубәкіров, “СҚО студенттер Альянсы” ҚБ көшбасшысы:
– Осы жылдан бастап “Қазақстан студенттері Альянсы “Халық Банкімен” жұмыс жасап IS карта арқылы студентерге тауарларды жеңілдетілген бағамен алуға мүмкіндік жасалды. Ол карта студенттерге өте маңызды деп санаймыз.  

Енді бір жаңашылдық “Ұлттық студенттер кеңесі” құрылды. Бұрын соңды болмаған бірлестік шетелдік жастар ұйымдарымен тығыз қарым- қатынас орнатуды көздейді. Сондай-ақ “Студенттер Альянсы” мен “Жас Отан” ЖҚ қағидалары бір мүддеге біріктіріліп,ортақ құжат қабылданады. Осы арқылы екі жаққа да тікелей қатысты мәселелердің түйіні бірлесіп шешілмек.

Жеңіс Ермұқанов