Қоғам

Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы



 

 ҚР Тұңғыш Президенті мерекесінің күнтізбеге енуі еліміз үшін үлкен қуаныш. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет көрсету, еңбегін мойындау және сенім білдіру дейді жиынға қатысушылар. Дәл 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні еліміздің тұңғыш Президенті сайланды. Осылайша тәуелсіз елеміз Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатымен талай биіктерді бағындырды.

 Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
– 1991 жылдың 1 желтоқсаны әлі есімізде.Жалпыхалықтық сайлау болды Президентіміздің. Халқымыздың жүз пайызға жақын, 98,7 пайызбен Президентімізді сайлап алған болатынбыз. Бұл – үлкен сенім. Сол кездің өзінде халқымыз Елбасының үлкен жұмыстар атқаратынын, көп жақсылықтар әкелетінін сезген сияқты. Сол сенімді міне 20 жылдан асты Елбасы ақтап отыр.

Бүгінгі күн – ол ертеңгі тарих. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі 21 жыл ішінде жеткен жетістіктерінің қайсысы болмасын тікелей Елбасыға байланысты. Мұны бүгінгі жиынға қатысқандар назардан тыс қалдырмады.

 Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің «Құқықтану» кафедрасының доценті:
– Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде саяси дәстүрлер қалыптасып жатыр. Яғни онда біз адамның тарихи ролін бағалаймыз. Осы 21 жыл егемендігіміз тікелей Президенттің тағдырымен байланысты.  

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында «Нұрсұлтан Назарбаев: адам және саясаткер портреті» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әспет Әбдірешова