Қоғам

Солтүстікқазақстандық іскер әйелдер Еуразиялық саммитке қатысты



 

Дөңгелек үстел басына жиналғандар Астанада өткен 3-ші Еуразиялық саммиттен алған әсерлерімен бөлісуде. Шара елдің әр аймағынан 350-ге жуық азаматшаның басын қосқан. Сондай-ақ шетелден келген қонақтардың қатары да қалың болған көрінеді. Олар кездесуде мемлекет пен бизнестің даму жолындағы әйел қауымдастығының рөлін талқыға алған.

 Бақытжан Сәмиева, СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
-Саммитте көптеген сұрақтар көтерілді. Әйелдердің жалақысы неге төмен болады? Әйелдер неге үлкен бизнеспен айналыспайды? Үкіметте жұмыс істеп жатқан әйелдердің саны неге аз? Осындай сұрақтар қойылды.

Саммитте көрме де ұйымдастырылған екен. Мұнда іскер әйелдер өз қолдарымен жасаған өнімдерін қойды. Аққайың ауданындағы «Полтавское» ЖШС құрылтайшысының бірі Ақбөпе Зікірина бұл үшін қой сойып, оның етін сүрлеп апарған екен. Осылай астаналықтар мен қала қонақтарын таң қалдырыпты.

 Ақбөпе Зікірина, “Полтавское” ЖШС өкілі:
-Сүр етті мен ғана апардым, барлығы келіп тамсанып қарады. Барғаныма өте қуаныштымын.

Ал Еуразиялық әйелдер саммитіне қатысқан Шарғия Мұқышева жаңа идеялармен келген екен. Енді ол бизнеспен айналысуды жоспарлап отыр. Белсенді жерлесіміз өмірінің 36 жылын білім саласына арнағандықтан, өз ісін де осымен байланыстырмақ.

 Шарғия Мұкышева, № 20 орта мектеп директоры:

– Тек қана басқарушы емес, сонымен қатар іскер әйел өзінің шығармашылық жағынан және шығарып жатқан заттарының сапасына және болашақта еліміздің көркеюіне, экономиканың дамуына бағытталған.

Қазақстанда түрлі халықаралық шаралардың өтуі – еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылғандығын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр дейді іскер әйелдер.

Айдана Демесінова