Мәдениет

Петропавлда балет кештері өтеді

ҚР халық әртісі, өнертану профессоры, мемлекеттік және тәуелсіз “Тарлан” сыйлықтарының лауреаты Болат Аюханов – «Алматының жас балеті» мемлекеттік классикалық би ансамблінің негізін 1967 жылы қалаған. Оның қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық тән. Өнер иесі өзінің шығармашылық ұжымымен жақында Қызылжар халқын да қуантпақ.

 Естай Кешілбаев, Мемлекеттік академиялық би театры директорының орынбасары, Алматы қаласы:
– Болат Аюхановтың ұлы балет кештері өтейін деп отыр. Бағдарламада екінші желтоқсанда «Аққу көлі» Чайковскийдің музыкасына, үшінші желтоқсанда «Анна Павлова  – лебедь русского балета» бар. Балет – деген өте бір жоғары мәртебелі өнердің түрі.

Болат Аюханов жетекшілік ететін ансамбль хореографиялық өнерді игеруі жөнінен әлемдік балет ұжымдарының үздік ондығына енген. Өнер ұжымы өңір көрермендеріне әсерлі кеш сыйламақ.

 Естай Кешілбаев, Мемлекеттік академиялық би театры директорының орынбасары:
– Он жылда үш рет келдік. Үш жылда бір келіп отырамыз. Петропавлдың халқы өте ерекше. Қасымызда Ресей болған соң, көп жұлдыздары келеді. Сондықтан Петропавл халқы қай концертке бару-бармау керектігін өзі біледі.

«Отаным – бақыт мекенім» гастрольдік-концерт Петропавлда желтоқсанның 2-сі мен 4 аралығында Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтеді.

Әспет Әбдірешоваа