Қоғам

Мемлекеттік қызмет саласында өзгерістер күтілуде

 

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бөлім бастығы Елена Степаненко заң күшіне енсе, мемлекеттік қызметке жауапты адамдар қабылданады дейді. Және сыбайлас жемқорлыққа да жол бермейтініне сенімді.

 Елена Степаненко, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бөлім бастығы:
– Өкінішке қарай мемлекеттік қызметте өз ісіне жауаптылардың қатары аз. Сондықтан да, жұмысқа қабылдауда арнайы бақылаушылар болады. Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ кірмек. Бұрынғыдай бір жұмыстан екінші қызметке ауысып кету жағдайлары да орын алмайды. Бәрі де заңды түрде. Жұмыстан себепсіз қуылуға жол берілмейді.

Арнайы басқарушы “А” корпусы құрылады, персоналды басқару институттары мен тетіктерін жетілдіру, кадр қызметінің мәртебесі мен өкілеттіктері артады, тәртіп және этикалық бақылау да күшейеді. Енгізіліп отырған жаңашылдық арқылы мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру көзделуде. Лауазымды тұлға кәсібіне сай келмеген жағдайда жұмысқа қабылданбайды. Мемлекеттік қызметке қабылдау екі кезеңнен тұрады. Байқау және тестілеу. СҚО балалар құқығын қорғау депарнтаментінің кадрлық қызметі бойынша бас маман  Виктория Саленко мемлекеттік қызметте 2 жарым жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Ол енгізілген өзгерістермен жіті танысып шыққанын айтады.

Виктория Саленко, СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің кадрлық қызмет бойынша бас маманы:
Мемлекеттік қызметке байланысты заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатқаны барлығына белгілі. Онда мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғысы келетіндердің құжаттарын тексеру уақыты бұрынғыдан 3 есеге азайған. Жаңа заң бұрынғыдай таныс-білістікпен қызметке орналасуға жол бермейді. Осылайша білікті мамандар іріктелмек.

Бүгінде облысымыздағы 528 мемлекеттік органда 4887 мемлекеттік қызметкер еңбектенеді. Орта есеппен әр ауданға 130-дан келеді.

Гүлбану Ахметова