Қоғам

Ұстаздардың бір тобы «Нұр Отанға» мүше болды



 

 “Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында білім беру саласын дамыту мен жаңғыртуды назардан тыс қалдырған емес”, – дейді педагогтар. Соның арқасында елімізде сабақ оқытудың тың модельдері игерілуде. Біздің өңірде де бұл бағыт – басты назарда. Білім беру саласының жетілуіне қалалық мұғалімдердің «Білім» бастауыш партиялық ұйымы да өз үлесін қосуда. Оның құрамында 1 мың 200 белсенді ұстаз бар.

Шәрбан Таймуллина, Петропавл қаласы мұғалімдерінің «Білім» бастауыш партиялық ұйымының төрайымы:
Біздің алға қойған мақсатымыз – балаларды оқытып қана қоймай, оларға дұрыс тәрбие беру. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларға да белсене қатысамыз.

Сәуле Жетмекова 10 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық қызметте. Сондықтан бұл саладағы өзекті мәселелермен жіті таныс. Оларды шешу жолдарын мұғалім енді барша нұротандықтармен бірге қарастырмақ.

Сәуле Жетмекова, №9 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі:
Мен осы партияның мүшесі болғаныма қуаныштымын. Өзім ниет білдірдім. Оқулықтардың сапасы, қолжетімділігі жайлы ұсыныстарымды білдірмекпін.

Партиялық билеттерді табыстау рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.

Жангелді Тәжин, қалалық мәслихаттың депутаты:
Мен білім саласының қызметкері болғандықтан, Елбасының осы салаға деген көзқарасының жақсы екендігін қуанышпен айта аламын. Бұл – бәріміздің мерекеміз, бұл – мемлекеттік мереке.

Салтанатты рәсім мерекелік бағдарламамен жалғасты.

 Инеш Шоқақова