Қоғам

Тұңғыш Президент күні қарсаңында үздік сот актілерін орындаушылар марапатталды

 

Еліміздің 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері аз емес. Оған елін ойлаған Елбасының арқасында қол жеткізіп отырмыз десек артық айтқандық болмас. Қай саланы алып қарасақ та, оң өзгерістер бар. Сот актілерін орындау департаменті мамандарының басын қосқан жиында да ол жан-жақты айтылды. Алғашқы болып сөз алған департамент бастығы Рахмет Базылов “Қазақстан Ресбуликасының тұңғыш Президенті және еліміздің жалпы дамуы” тақырыбында баяндама жасады. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан тың деректер ортаға салынып, бүгінде сот саласындағы р

еформа төңірегінде әңгіме өрбіді. Атқарылған істер аз емес.

Жайықбай Шалдарұлы, СҚО сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары:

-Елбасының жолдауынан бастау алған сот жүйесін реформалаудың арқасында сот жүйесі жаңа белеске көтерілді. Бүгінде мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар жеке сот орындаушыларының институты құрылды. Халықтың сот орындаушыларына деген сенімі артып отырғандығын аңғартады.

Салтанатты жиынға аталмыш саланың ардагерлері де шақырылыпты. Солардың бірі – Галина Нетесова. Ол сот орындаушы мамандығын 1958 жылы бастаған. Бүгінде еңбегінің зейнетін көрген қария еліміздің жетістіктеріне дән риза.

Галина Нетесова, зейнеткер:

-Елбасының ғұмыр жасы ұзақ болсын. Елімізде тұрақтылық бар, бейбіт өмір сүрудеміз. Жастарға айтарым ерінбей еңбек ету керек. Ерік- жігерін еліміздің гүлденуіне жұмсаса екен деген тілегім бар.

Шара соңында бірқатар қызметкерлер сот актілерін орындау комитеті төрағасының грамота және алғыс хаттарымен марапатталса, қызметке енді тұрған жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдады.

Самат Есмағи