Қоғам

Қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктер таратылмақ

«Церковь Полного Евангелия «Новая жизнь» діни бірлестігі осыдан 9 жыл бұрын Қызылжар ауданының Якорь селосында құрылыпты.

Протестанттық шіркеу басшысы қайта тіркеуден өтуге қажетті құжаттарды дер кезінде жинап үлгермегендіктерін мойындап отыр.

Галина Волкова, «Церковь Полного Евангелия «Новая жизнь» діни бірлестігінің жетекшісі:
Біздің ұйымның құрамында 10 адам бар. Қажетті құжаттарды дер кезінде жинап үлгермедік. Арызға қарсы емеспіз.

3 күн бойы бұл талапты орындамаған ұйымдарды ыдырату бойынша сот отырыстары аяқталып, шешім қабылданыпты. Олардың тіркеуден өтпеуінің бірқатар себептері бар.

Ерік Есентаев, СҚО әділет департаментінің бөлім бастығы:
Заң бойынша діни бірлестік тіркеуден өту үшін құрамында кем дегенде 50 адам болуы тиіс. Көптеген ұйымдар бұл талапқа жауап бермейді. Олардың таратылуының негізгі себебі – осы.

Дегенмен, аталмыш ұйымдар өз жұмыстарын ірі бірлестіктердің филиалы ретінде жалғастыра алады. Бүгін соңғы 5 сот отырысы өтіп, тиісті шешім қабылданды. Жалпы, өңірдегі 73 діни бірлестіктің 42-сі мемлекеттік тіркеуден өткен.

 

Инеш Шоқақова