Балалар

Балалар ұйымдары көшбасшыларының кездесуі

 

Жиынның мақсаты – балалар ұйымдары көшбасшыларының бір-бірлерімен тәжірибе алмасуларына жағдай жасау. Себебі, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ертеңі – жастардың қолында деп атап көрсеткен болатын. Ол үшін көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Қазіргі күні кез-келген мектепті алып қарасақ, онда күнделікті сабақтан тыс түрлі үйірмелер мен ұйымдар жұмыс істейді. Діттегендері – жастардан толыққанды қоғам мүшесін қалыптастырып шығару. Сондай бағытты ұстанғандардың бірі – “Жас Ұлан” ұйымы. Оған мүшелікке енудің де өзіндік талаптары бар.

Олжас Сәбитов,  Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы, “Жас Ұлан” ұйымының мүшесі:

-“Жас Ұлан” ұйымына ақылды әрі дарынды балалар қабылданады.

Білімді адам ғана ертеңгі күні елдің зиялы қауым өкіліне айнала алады. Оны оқушылардың бойына мектеп жасынан бастап сіңіру қажет.

Ольга Черепанова, СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:

-Мақсатымыз – балалар ұйымдарының жұмысын одан әрі дамытып, олардың өзін-өзі басқарудағы рөлін арттыру. Себебі, бүгінгі таңда жастардың бастамасымен қолға алынып жатқан шаралар көп. Соны жүзеге асыруларына бағыт-бағдар беру.

Балалар ұйымдарының алдарына қойған мақсаты – елде атқарылып жатқан игі істер мен ізгі бастамаларға өскелең ұрпақты тарту. Ол жайында ойларын дамытып, сол арқылы балаларды саясатқа араластыру болып табылады. Ұйым көшбасшылары, белсенділердің қатары жыл санап артып келе жатқандығын ортаға салды. Одан өскелең ұрпақтың саясатқа деген қызығушылықтарының қай деңгейде екендігін бағамдай беріңіз.

Самат Есмағи