Бизнес және экономика

“ЭКСПО -2017” көрмесінің елімізде өткізілетіні туралы хабарды солтүстікқазақстандықтар зор қуанышпен қабылдауда


 

2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өткен Халықаралық көрмесінде Қазақстан экспозициясы ең үздік деп танылған болатын. Содан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас қаласында осындай іс-шара өткізу туралы ойын ортаға салды. Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас ассамблеясында өткен құпия дауыс беру нәтижесінде Елордамыз 103 дауыс жинап, бельгиялық Льеж қаласынан басым түсті. Соның нәтижесінде, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру мәртебесі  Астана қаласына бұйырды.

Самат Есмағи, тілші:

-Еліміз егемендік алғанына 20 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем танып мойындады. 2017 жылы Елордасы Астанада өтетін “Экспо -2017” халықаралық көрмесі Қазақстанның атын одан әрі дамытары сөзсіз. Оған ел тұрғындары кәміл сенеді.  

-Біз қуаныштымыз, 100-ден астам шетелдік мемлекет Қазақстанға дауыс берді. Бұл – біздің Президентіміздің абыройы, мақтанышы біздің мақанышымыз. Уақыт жеткілікті, 2017 жылға дейін дайындаламыз. Қазақстанның күші де бар. Бүгінде еліміз екі аяғынан нық тұр.  
– Мұндай халықаралық көрмелер әр мемлекетте өте бермейді. Ондай құрметке бөленуімізге ылайықтымыз деп ойлаймын. Халықаралық қауымдастықта есімі одан әрі таныла түседі.
-Жақсылық қой, бұл. Қазақстанымыз бүкіл дүние жүзіне белгілі болып әрі қарай гүлдене берсін.
Өзім бес деген баға берер едім. Осыған дейін Қазақстанның кім екенін, қазақтың кім екенін ешкім білмеген еді. Қазіргі күні барша әлем танып білді. Елбасына ризамын.

Қазіргі күні елімізде халықаралық көрмеге әзірлік басталып та кетті. Оны өткізу үшін Астанада 113 гектар жер бөлінген. Онда көрмеге арналған экспо- қалашық бой көтермек. Артынан ол ғимараттар ғылыми зертханалар мен орталықтар, зерттеу институттары ретінде халық игілігіне жұмыс істейтін болады. Жалпы алғанда, “Экспо 2017” – мемлекетіміздің дамуына септігін тигізетін ірі жоба екені сөзсіз.

Самат Есмағи