Қоғам

Елена Левина – «Ажар» сыйлығының иегері


 

 «Ажар» сыйлығы – Қазақстанның іскер әйелдері үшін маңызды марапат. Бұл – олардың тынымсыз еңбегі мен жеткен жетістіктерін қоғамдық мойындаудың айқын белгісі. «Экономика» номинациясы бойынша әрбір өңірден 17 белсенді іскер бақ сынасқан болатын. Ақыры, жүлденің иегері атану бақыты – «Левин» жеке кәсіпкерлігінің директоры Елена Левинаға бұйырды.

Елена Левина, «Левин» жеке кәсіпкерлігінің директоры:
– Мен өз аталымымда үздік атанғаныма сене алмадым. Өйткені, барлық номинанттар – өз ісінің шеберлері, лайықты тұлғалар. Бұл марапатты алған соң екі есе жұмыс атқарып, сенімді ақтауға тырысамын.

«БАҚ», «Шағын және орта бизнес», «Мемлекеттік басқару» , «Денсаулық сақтау». Үздіктер барлығы 10 аталым бойынша анықталды. Олардың әрқайсысы – «Ажар» атты кітаптың кейіпкерлері.

Елена Левина, «Левин» жеке кәсіпкерлігінің директоры:
Жиында қызықты тренингтер мен семинарлар өткізілді. Көшбасшы әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Әрине, мұндай жиындардан аларымыз мол.

Елена Левина сан түрлі жиһаз жасау кәсібімен ғана айналысып қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Өзге іскерлермен бірлесіп Архангелка селосындағы кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған баспананы жөндеуге атсалысыпты. «Бұл бағытта әлі де атқаратын жұмысымыз жетерлік», – дейді ол.

Инеш Шоқақова