Салық басқармасы

«Чек талап ет – құнды сыйлық ұтып ал» акциясы


 

СҚО бойынша салық департаменті Петропавл қаласында «Чек  талап ет – құнды сыйлық ұтып ал» акциясын өткізгелі отыр. Бұл шара желтоқсан айының бірінен бастау алмақ.
Осылайша ұйымдастырушылар тұтынушылардың чекті талап етуі олардың әдетіне айналатындығына, ал сатушылардың  кассалық-бақылау аппаратымен жұмыс істейтіндігіне үлкен үміт артып отыр

 Жаңыл Қабдөшева, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:
-Бұл акция кассалық чектерді беруді қоғамдық бақылауға тұрғындарды тарту, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және тұтынушылар құқығын қорғау, сондай-ақ салық төлеушілердің арасында салық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі. Және Петропавл қаласының бюджетін толтыру.

Екі адамға жолдама, плазмалық теледидар, компьютер, тоңазытқыш. Жерлестеріміз осы және өзге де бағалы сыйлықтарға қол жеткізе алады. Ол үшін бар болғаны кассалық чектерді жинап, кейін оны ұтыс купондарына ауыстыру қажет.

 Жаңыл Қабдөшева, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:
-Акцияға қатысу үшін Петропавл қаласындағы сауда жасаған чектерді қабылдау орнына алып келуі керек және оны ұтыс купондарына ауыстыру керек. Ұтыс купоны «Нан Плюс» ЖШС дүкендер торабында, «KAZ PRESS» ЖШС киоскілерінде және «Рахмет» сауда үйінде. Жалпы сомасы 5 мың теңге болуы керек, 5 кассалық чекке айырбасталады.  
Жерлестеріміз болса, мұндай жақсы мүмкіндікті пайдаланамыз деп отыр.

 
«Чек талап ет – құнды сыйлық ұтып ал» акциясы наурыздың біріне дейін жалғаспақ.

Айдана Демесінова