Спорт

Кикбоксшылар жарысы аяқталды

 

 

 

Жыл сайын ұйымдастырылатын додаға қатысушылардың саны артып отыр дейді мұндағылар. Сондықтан да спортшылардың ішінен мықтыны анықтау қиынға соғады. Дегенмен, 170 сайыскердің арасынан ақтық сынға тек 52-сі ғана жолдама алыпты. Солардың ішінде жерлесіміз Азамат Нұрпейісов те бар. Азамат 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзінің қарсыласы, жергілікті спортшы Нұрсұлтан Бәшімовты айқын басымдықпен жеңді.

Азамат Нұрпейісов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
-Ең қиыны басқа қалалардың спортшылармен жекпе-жекке шығу. Қалай өнер көрсететін білмейсің.

Келесі болып рингте 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен астаналық Ернар Омаровқа қостанайлық Антон Меньшенин қарсы шықты. Екі спортшы да осал еместіктерін танытып бақты. Әйткенмен Ернар жеңісті қолдан бермеді.

Ернар Омаров, жарысқа қатысушы, Астана:
-Меніңше жекпе-жекке шығу оңай емес. Менің салмақ дәрежем бойынша 3 спортшы ғана болды. Сондықтан да шаршы алаңында бірақ рет өнер көрсеттім.  

Тартысты додада нәзік жандылар да күш сынасты. Шаршы алаңға көкшетаулық Айназ Жайықбаева пен қостанайлық Марал Жәкенова шақырылды. 1 раундтан-ақ, басымдық көк бұрыштағы Айназда болды. Ал  оның қарсыласы Марал Жәкенова аяқпен жұмыс істемегеніне байланысты төрешілерден ескерту алып, ұпай саны азайтылды. Сөйтіп,   жеңіс бірауыздан көкшетайлық бұрымдыға берілді.

Айназ Жайықбаева, жарысқа қатысушы, Көкшетау қаласы:
Мен спорттың бұл түрімен 3 сыныптан айналысамын. Қазір колледжде 2 курста оқимын, не дегенмен тәжірибем мол. Көп жарыстарға қатысып, не бір спортшыларды көрдім. Маған қарсыласымды жеңу қиынға соққан жоқ.  

Спортшылар10 салмақ дәрежесі бойынша 4 күн бойы өзара бақ сынасты.

Қайрат Смағұлов, жарыстың бас төрешісі,Семей қаласы:
– Мақсатымыз іріктеу керек құрамаға. Ішіндегі спортшылар Азия чемпионатына қатысады. Ол Индияда Пуно қаласында болады.

Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша бас жүлдені 6 алтын, 5 күміс, 5 қола медальмен Қарағанды облысы алса, 4 алтын, 5 күміс, 7 қала алқамен СҚО екінші орыннан көрінді. Ал, үздік үштікті 4 алтын, 2 күміс, 5 қоламен павлодарлықтар қорытындылады. Енді үздік спортшылардан ел құрамасы жасақталып, Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғамақ.

Гүлбану Ахметова