Бизнес және экономика

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нәтижелері

 

 

Форумға қатысушылар алдымен “Молпродукт” ЖШС соқты. Кәсіпкерлер тәулігіне 500 тонна өнім шығаруға қауқарлы жаңа сүт зауытын аралады. Жаңартылған нысанның өндірістік корпусы мен озық үлгідегі қондырғылары көрсетілді. Серіктестік “Жол картасы- 2020” бағдарламасы бойынша 14 пайызбен 3,6 млрд теңге несие алып, Швеция, Германия және Франциядан арнайы жабдықтар алыпты. Енді өндіріс ошағы жылына 85 мың тонна өнім  өндіруде.

Роза Сүлейменова, “Молпродукт” ЖШС директоры:
– Біздегі қондырғылардың бәрі автоматтандырылған. Мұндай кәсіпорын Орталық Азияда тек солтүстік өңірде ғана бар. Жаңа технологияның арқасында өнімді біршама ұлғайттық. Жоба бойынша жұмыс істеудеміз.

Серіктестік озық технологиялардың арқасында шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр. Өндіріс орнында болған ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары
Бахытжан Саркеев кәсіпорынның жұмысына оң бағасын берді.
Бұдан кейін форумға қатысушылар “Богатырский продукт” серіктестігіне барды. Өндіріс орны мемлекеттің қолдауымен 4 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өнімін ұлғайтуды мақсат етіп отыр.  

Анатолий Лукашов, “Богатырский продукт” ЖШС директоры:
– Біз макарон цехында тұрамыз. Былтыр “Жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша макарон линиясын алдық. Енді биылғы жылғы несиеге немістің екі автоматталған машинасын көздеп отырмыз. Ұн өнімдерінің түр-түрін өндіру үшін де арнайы қондырғыларға тапсырыс бердік.

“Даму кәсіпкерлікті дамыту” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанғазиев кәсіпкерлерге әрдайым мемлекет тарапынан көмектің көрсетілетінін айтты. Және өз ісін дөңгелеткісі келетіндерге несие алуларына болады деді.
Облысымызда “Даму” кәсіпкерлікті дамыту” қорының 3 бағыты бойынша 148 жоба мақұлданды? Жалпы құны 16,139 млрд теңгені құрайды.

Гүлбану Ахметова