Білім

Интеллектуалдық сайыс



Ғылыми жобаны сәтті қорғауға әр қатысушы барынша дайындалған. Қалалық интеллектуалдық сайыста жеңіске жеткені республикалық кезеңге жолдама алмақ. Әдебиет, мәдениет, тарих – барлығы 6 бағыт бойынша үздіктер анықталатын болады. Шығармашылық сайыс ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр.

 Күлзағира Нұртаева, Петропавл қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:
– Елбасымыз әрдайым дарынды, білімді жастарға қолдау көрсетеді. Сондықтан байқауды осы мерекеге арнап отырмыз.

Қазылар алқасында – қалалық мектептердің мұғалімдері. Олардың алдында әр қатысушы өз жұмысының үздік екендігін дәлелдеуі тиіс. Әр баяндаманың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы бір жұмыс Петропавл қаласының сәулеті жайлы. Мектеп, кинотеатр, кітапханалар сынды ғимараттарды зерттеу үшін Ольга Соловьева қыруар уақыт жұмсапты. Еңбегі зая кетпеген.

 Ольга Соловьева, № 8 эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешенінің оқушысы:
– Тарихшылар ғимараттар салуда конструктивизм стилі қолданылмаған дейді. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Барокко және классицизм элементтері де бар.

Ал сауда саласының тарихын Гүлзат Қошығұлова зерттепті. Мұрағатта көптеген қызықты мәліметтер табылды дейді оқушы.

Гүлзат Қошығұлова, қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

Кейбір сауда үйлері 18-19 ғасырларда салынған. Тарихы бай. Соларды зерттедім.

Зияткерлік сайысқа 185 жас зерттеуші қатысты. 150 жоба қорғалмақ. Үздік жұмыстардың авторлары желтоқсан айында облыстық турға қатысады.

Инеш Шоқақова