Құқық қорғау органдары

Есілдік екі полицей бес жарым жылға бас бостандықтарынан айырылды

Бұл сот отырысында Есіл ауданы полицейлері мен Ясновка селосындағы мектеп лаборанты арасында орын алған оқиғаның нүктесі қойылмақ. Дау ақпан айында басталған болатын. Енді, міне, Петропавл қалалық сотының судьясы Айдархан Жанақов үкім шығарды. Қайрат Сәрсенбаев пен Руслан Козырев кінәлі деп табылып, 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып отыр. Жазаларын жалпы тәртіптегі колонияда өткізбек.

Айдархан Жанақов, Петропавл қалалық сотының судьясы:
– Қайрат Сәрсенбаев пен Руслан Козырев 3 жыл бойы мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айырылады. Және толықтай жеке мүлкі тәркіленеді.

Сотталушылар бұл шешіммен келіспей отыр. Олар әділдікті Жоғарғы соттан іздемекші. Айыпталушы Қайрат Сәрсенбаевтың жары Айман пәтер жалдап тұрып жатырмыз, енді күйіміз не болмақ дейді.

Айман Сарсенбаева,Қайрат Сәрсенбаевтың жұбайы:
3 баламмен далада қалдық. 2-і кәмелеттік жасқа толмаған. Мүлкімізді тәркілейміз дейді. Алатын түгіміз де жоқ.  

Соттың шешіміне Руслан Козыревтың анасы да қарсы.Оның сөзіне қарағанда, бұл оқиғада баласы мен Қайрат Сәрсенбаевтың еш кінәсі жоқ.

Елена Козырева, Русланның анасы:
Рожновтың 3 күн бойы қайда болғаны әлі анықталған жоқ. Бұл сұрақ бізден басқа ешкімді мазаламайды да. Ал мені жалғыз баламның ендігі өмірі алаңдатады.

Айыпталушылардың адвокатының да пікірі осыған саяды. Ол да соттың шешімімен келіспей отыр.

Игорь Петровский, адвокат:
Үкімді әділетсіз деп санаймыз. Ол тек жәбірленушінің түсінігі негізінде шығарылып отыр. Ал оның куәгерлері өз түсініктемесін бірнеше мәрте өзгертті. Біз мұндай шешіммен мүлдем келіспейміз.

Жәбірленуші Иван Рожнов бұл жолы сот залында болмады. Оған денсаулық жағдайы себеп болған. Протез үшін шамамен 5 млн теңге қажет. Ал сот шешімі бойынша оның 500 мыңы ғана өтелмек.

  Елена Рожнова, Иванның анасы:
Балам қазір ауырып жатыр. Сондықтан отырысқа келе алмады. Басқа айтарым жоқ.

Соттың үкімі 15 күннің ішінде заңды күшіне енуі тиіс. Осы аралықта екі жақ та Жоғарғы сотқа шағымдана алады.

Инеш Шоқақова