Спорт

Журналистер боулингтен жарысты



 

Қалам мен микрофон ұстаған журналистер қауымы өздерінің спортта да осал еместіктерін көрсетті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған топтар боулинг ойнауда жарысқа түсіп, өзара бақ сынасып көрді.

Галина Воробьева, Журналистер одағы СҚО филиалының төрайымы:
Журналистер боулингтен өтетін жарысқа осымен бесінші рет жиналып отыр. Бұл шараны біз Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізіп отырмыз.  

БАҚ өкілдері бастысы – жеңу емес, осындай шаралар кезінде көңіл көтеріп, әріптестерімізбен қауышып қаламыз дейді. Сайысқа жергілікті журналистерден құралған 9 команда қатысты.

Айдана Демесінова, Муниципалдық телеарна тілшісі:
Мұндай сынға алғаш рет қатысып тұрмын. Дегенмен біздің тобымыздың бағы жанып, жүлделі орыннан көрінеміз деген үміттемін.
Рая Хайрат, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің «Парасат» телестудиясының дикторы:
-Ойын өте қызықты әрі тартысты өтуде. Алдағы уақытта да осындай шаралар өткізілсе деген ойдамын. Өйткені бұл, біріншіден, әріптестік қызметті орнатуға жақсы, екіншіден, спорт ол біздің денсаулығымыздың негізі.

Сайысқа түскен тоғыз команда көңілді әрі қызықты ойын өткізді. Оның нәтижесі бойынша меншікті тілшілер құрамасы 591 ұпаймен топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ербақыт Амантай, «Алаш айнасы» газетінің меншікті тілшісі:
 –Боулингтен жақсы бір ойын өтті. Республикалық басылымдардың меншікті тілшілері қалам мен микрофоннан ғана мықты емес, боулингтен да мықты екенімізді көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алдық. Сол үшін қуаныштымыз

Ұшқыр ойлы қалам иелері ойыннан жақсы әсер алып, бір серпіліп қайтты.

 Әспет Әбдірешова