Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қырымбек Көшербаев облысқа жұмыс сапарын қорытындылады

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев өңірімізге жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мал шаруашылығы саласының тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстар облыстық әкімдікте өтен жиында сараланды.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Елбасы аймақтарды дамытуға ерекше көңіл бөліп, Үкіметке және әкімдерге бұл мәселер бойынша айрықша тапсырма беріп отыр. Жылдың аяғы, қысқы жылыту маусымының барысы, бағалардың орынсыз өсуіне жол бермеу және 2012 жылды макроэкономика көрсеткіштері бойынша нәтижелі аяқтау. Сондықтан Үкіметте арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық аймақтарды аралап, жергілікті жерлердегі жұмыспен танысып жатырмыз.

Облыс әкімі Серік Біләлов Елбасы міндеттемелері өңірімізде тиісті деңгейде атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Қай саланы алып қарасақ та, ілгерлеушілік бар.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Елбасымыздың жүргізіп жатқан саясатының арқасында елімізде жаңа жобалар ауқымды іске асуда. Президентіміздің алға қойған  міндеттерін орындауда біздің облысымызда бірқатар істер атқарылды. Соның нәтижесінде солтүстікқазақстандықтар жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 229 миллиард теңгені құраған. Индустрияландыру картасы шеңберінде 2 жылда жалпы сомасы 19 миллиард теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылып, 785 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Машина жасау, өнеркәсіп кәсіпорындарында да алға ілгерлеушілік бар. Егістік көлемі артқан сайын, машина-трактор паркі де жаңартылу үстінде. Тек биылдың өзінде 1133 бірлік заманауи қуаттылығы жоғары техника сатылып алынды. Олардың аграрлық аймақ үшін пайдасы зор. Мал шаруашылығын дамыту да оң жолға қойылған. Соңғы 2 жыл ішінде 34 мың асыл тұқымды мал алынып, 9 ферма құрылды. Шағын және орта кәсіпкерлік те өркендеп келеді. Соңғы үш жыл ішінде өз ісін дамытуға ниет еткен солтүстікқазақстандықтардың 839 өтініші қанағаттандырылып, төмен пайызды несиеге қол жеткізді. Алайда үкіметтің араласуынсыз шешілмейтін проблемалар да жоқ емес.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

8 су тазарту құрылғылары мен кәріз жүйесін жаңғырту бағдарламасы басталған болатын. Оның 3 кезеңін сәтті аяқтадық. Төртінші кезең бұл ең шешуші сәт. Жұмыстарды толық тәмамдау үшін қосымша 850 миллион теңге қажет.

Осы секілді шешімін күткен өзекті мәселелердің саны жетеу. Олардың бәрін жүзеге асыруға ел қазынасынан берілген қаржы жеткіліксіз. Осыны алға тартқан өңір басшысы, вице-премьерден қосымша қаражат бөлуді қарастыруды сұрады.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Қаржы министрлігі құрылыс істері жөніндегі агенттікпен бірлесіп, сіздердің қосымша қаражат бөлу туралы өтініштеріңізді 2013 жылғы республика бюджетінен қарастыратын болады.

Жиын барысында Қырымбек Көшербаев келер жылы тағы бірқатар жаңа бағдарламалар қолға алынатындығын ортаға салды. Солардың бірі «Аагроөнеркәсіп-2020» бағдарламасы. Оған қыруар қаржы бөлінбек. Тек жергілікті басшылар енжарлық танытпау керек.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Агроөнеркәсіп2020» жобасы іске аспақ. 7 жылға жоспарланған бағдарламаға 20 миллион АҚШ доллары мен 3 триллион теңге қарастырылып отыр. Қаржылық сауықтыру, қолжетімді қаржы, мемлекеттік қолдау бар. Оларға өңірлер қызығушылық танытпаса, бірінші кезекте облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер кінәлі болды.

Жиынды қорытындылаған вице-премьер атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы тұрған бағыт-бағдарлар мен қолға алынатын бағдарламаға бір адамдай атсалысу керектігін тілге тиек етті. Оған мемлекет тарапынан әрдайым қолдау мен қаржылай көмек болары сөзсіз.

Самат Есмағи