Қоғам

Облысқа жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депуттаттары келді

 

 

Халық қалаулылары Роман Ким мен Тұрсынбек Өмірзақов соққан нысандардың бірі № 17 ұлттық өркендеу мектеп- кешені. Паррламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстанды мекен ететін ұлттардың дәстүрін жаңғыртуды көздейтін алтын ұяның оқу сыныптарын аралады. 20 жасаған шаңырақ астында 200-ден артық оқушы туған тілінде тәлім алады.

 Тұрсынбек Өмірзақов, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Мектепте әрбір ұлттың сыныптары бар. Бұл өте тамаша. Кәрістер, немістер, шешендер келіп оқуларын оқып, өз тілдерін үйрене алады. Астананың өзінде бұндай мектептер жоқ. Осындай дамыған, көрсетуге болатын.
 
Мектептің жанындағы шағын орталық та халық қалаулыларының назарынан тыс қалмады. Тәрбие ошағы 50 бүлдіршінге шақталған.

 Санжар Қуанышбай:

Біз мұнда ойнаймыз, сабақ оқимыз, әріп үйренеміз. Маған мұнда ұнайды, күнде келгім келеді.  

Тәрбие ошағы еліміздің үздік мектепке дейінгі білім беру мекемесі атаныпты. 4 тәрбиеші мен логопед, музыка ұстазы балақайлардың ой-өрісін кеңейтіп жатыр.

Ботагөз Аяғанова, № 17 ұлттық өркендеу мектеп- кешені жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі:
“Қарлығаш” бағдарламасы бойынша білім алады. Бұл бағдарлама ұйымдастырылған әрекеттерді өзіне қабылдайды. Бір сабақтың ішінде бірнеше тақырыпты қамтып, бойларына сіңіреді. Алған білімдері мектепке барғанда көмек болады.  

Сондай-ақ жұмыс сапарларының алғашқы жартысында депутаттар өңіріміздегі “ТКШЖ” бағдарламасымен танысты. Өндіріс ошақтарын аралады.

Тұрсынбек Өмірзақов, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Сүт зауыты өте жақсы екен. Күніне 500 тонна сүт өндіреді. Мүмкіншілігі мол. Бүкіл жағдайды көріп, кісілердің қандай сұрақтары бар, бүкілін жинап, парламентке апарып депутаттық сауал жасаймыз. Сұрақтарды Үкіметтің алдына қойып, шешуге тырысамыз.

Сапар барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Жұмабаев ауданының тұрғындарымен де кездесіп, халықтың жағдайымен танысты.

Жеңіс Ермұқанов