Бизнес және экономика

«Халықтық IPO» бағдарламасы жалғасуда

 

 

Акция сатып алу үшін алдымен «Қазпочта» АҚ бөлімшелеріне барып, брокерлік есепшот ашу қажет. Келісімшарт жасалып, құжаттар тексеруден өтеді. Бұл -екінші қадам. Бұдан соң акцияны сатып алу қалады. Қазір өңірімізде 100-ден астам адам “Қазпочта” арқылы 17 млн теңгенің акциясын сатып алған.

Күлкен Жарқымбаева, «Қазпочта» АҚ СҚОФ секторының бастығы:
Өңірімізде осы бағдарлама бойынша 17 пункт жұмыс істейді. Оның төртеуі – облыс орталығында. Аудандардың ішіндегі ең белсендісі – Айыртау ауданы. Онда бірден 2000 акция сатып алған азамат бар.

Ал Тайынша және Тимирязев аудандарының тұрғындары аса белсенділік танытпай отыр. Виктор Сайко М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қаржы және несие» кафедрасының оқытушысы. Сондықтан құнды қағаздар мен қаржылық операциялар ол үшін таңсық тақырып емес. Бастапқыда ол өзіне 20 акция сатып алған.

Виктор Сайко, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
Елімізде нарықтық экономика қалыптасуда. Дегенмен адамдардың сана-сезімі әлі де оған дайын емес. Мен жаңашылдықтардан қалыспай, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды жөн санаймын. Бұл – балаларымыздың болашағы.

«ҚазТрансОйл» АҚ 1 акциясының құны – 725 теңге. Ал брокердің комиссиясы 809 теңге. Барлығы сатылымға 38 463 559 қарапайым акция қойылған. Ірі компанияның жұмысына Аркадий Польшаков да қызығушылық танытып отыр.

Аркадий Польшаков, облыстық украин мәдени орталығының төрағасы:
«ҚазТрансОйл» АҚ елде өндіретін жалпы мұнайдың 60 пайызы тасымалдайды. Сондықтан компанияның болашағы зор деп ойлаймын. Жанұяның әр мүшесіне акция сатып алдым.

Акциялар желтоқсанның 5-не дейін сатылмақ.

Инеш Шоқақова