Қылмыс

Жас жігіт аяз құрбаны болды



 

23 жастағы азаматтың көлігі қарға батып қалып, жақын маңдағы ауылға жаяу тартқан. Бірақ боранда жүрісі өнбей, ақыры үсіп қайтыс болады. Құтқарушылар боранды күндері жолға шығудың соқпақты болатыны жайлы халықты талай ескертгенімен оны тыңдайтындар шамалы.

  Асхат Бәкішев, ҚР ТЖМ СҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы:
 -Ауа райының күрт суытуы тұрғындардың денсаулығына қауіп туғызып отыр. Қарашаның 21-і  М.Жұмабаев ауданына 7 шақырым жердегі Таман ауылында үсіп қалған жас жігіттің денесін таптық. Осындай жағдайға байланысты егер алыс жолға бет алып, көлік сынып қалған немесе басқа да жағдайларда ТЖД-не хабар берулеріңіз қажет.  

Дауыл тұрып, аяз болса да көл мен өзендердің бетіне мұз әлі қалың қата қоймаған. Жолды қысқартамын деп су бетімен жүру де адамдардың өмірін қиып кетуі мүмкін. Осыған байланысты облыстық “Суда құтқару қызметткерлері” де балық аулауға шыққандарға сақ болу қажеттігін ескертеді. Себебі, өзен-көлдердің бетіндегі мұздың қалыңдығы 10 сантиметр ғана болады.

Виктор Держанский, ҚР ТЖД СҚО ТЖД “Суда құтқару қызметінің” басшысы:
Ауа райының бір суытып, бір жылуына байланысты судың бетіне қатқан мұз тез еріп кетуде. Соған қарамастан тұрғындар балық аулауға шығады. Судың бетіндегі мұздың қатқанын күткен дұрыс.  

Табиғаттың алдағы уақытта қандай тосын сыйы бар екенін ешкім де білмейді. Сондықтан да облыстық төтенше жағдайлар департаменті аязды күндері тұрғындардың алыс жолдарға шықпауын қатаң ескертуде.

Гүлбану Ахметова