Салық басқармасы

Жаңа жылдан бастап біржолғы талондар жойылады

 



Бүгінде облыс орталығында 17 базар орналасқан. Сауда орталықтарының басым бөлігінде салық қызметін көрсететін пункттер бар екен. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес мұндағы сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкерлердің барлығы салық режимінің түрін таңдауға асықпайтын көрінеді. 2188 салық төлеушінің 434-і нақты бір шешімге келмеген екен

 Есмағзұм Байбосынов, Петропавл қалалық салық басқармасы бастығының орынбасары:
Енгізілген өзгерістерге сәйкес 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке кәсіпкер оңайлатылған декларация немесе патент негізіндегі салық режимін таңдауы тиіс. Кейін олар біржолғы талонды сатып алмайды.

Мамандар бұл жаңашылдықтың жеке кәсіпкерлер үшін тиімді екенін алға тартуда. Сондықтан да олар уақытты кетірмей, тезірек іске кірісу керек деп кеңес беріп отыр.

Есмағзұм Байбосынов, Петропавл қалалық салық басқармасы бастығының орынбасары:
Кәсіпкерлерді салық салудың басқа режимдеріне қараша айында ауысуларын сұраймыз. Өйткені желтоқсан айында мерекелер көп болып, жұмыс күндері азаяды. Жаңашылдыққа байланысты кәсіпкер өз табысына қарай салық төлейтін болады.

«Қызылжар-Ақбастау» базарындағы мына сауда орталығы жарты жыл бұрын кассалық аппарат  орнатыпты. Бүгінде сатушы Светлана Полякова оның тиімділігіне көз жеткізгенін айтады.

 Светлана Полякова, сатушы:
-Мұндай заңның шыққанын естігенде-ақ кассалық аппаратты пайдалана бастадық. Нәтижесінде азырақ төлейтін болдық. Әрі ыңғайлы.

Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі 2013 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жойылмақ.

Айдана Демесінова