Қоғам

“Нұрсұлтан Назарбаев: адам және саясаткер”


 

Бүгінгі көрме Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күніне орай ұйымдастырылып отыр. Кітапхана қызметкерлері “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы”,”Президенттің бір жылы”, “Сындарлы он жыл”, “Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан Еуразиялық жобасы” атты тың дүниелерін көрмеге келген оқырмандарына таныстырды.

Қайыржан Мәлікова, кітапханашы:
– Бұл көрмеде Елбасының жеке өміріне де, тәуелсіздік алғаннан бергі тарихына қатысты да кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Айта кететін болсақ осы жылдың 3-ші тоқсанында кітапхана қорына көптеген кітаптар түсті.  

Елбасының мемлекет туралы жазған және Леонид Млечин, Махмұт Қасымбеков, Айтбай Сәулебек, Тайыр Мансұров сияқты белгілі қазақстандық саясаткердің кітаптарын көруге болады. Жыл басынан кітапханаға мемлекет басшысы жайында 300 кітап келіп түсіпті. Соның бірі «Елбасының алтын бесігі» тарихи-дерек жақында ғана кітапхана сөрелерін толықтырды. Авторы Айтбай Сәулебек. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы журналистік зерттеумен жазылған. 389 беттен тұрады.Көрмені тамашалауға кітапхананың тұрақты оқырмандары жиылды. “Асыл мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев та бар. Ол Елбасы жайында жазылған құнды дүниелер жастардың қызығушылығын туғызбай қоймайды дейді.  

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі, кітапхананың тұрақты оқырманы:
– Нұрсұлтан Назарбаев бала жастан, мектепке барған және күні бүгінге дейін дүниежүзі таныған саясаткерге дейінгі жолы осы кітап көрмесінде бейнеленген. Елбасының бастауыш класстарда оқыған класстан классқа көшуінің куәліктері жазылған кітаптар да бар.  

Кітапхана қызметкерлері 29 қарашада тұңғыш Президент  күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Гүлбану Ахметова