Бизнес және экономика

Тауарды кедендік тіркеу кезіндегі әкімшілік кедергілер азайды

 

 

 

Биыл валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар арқасында бірқатар артық қағаздар алынып тасталды. Мәселен, енді тауарды кедендік тіркеу кезінде талап етілетін келісім төлқұжаты қажет емес. Яғни әкімшілік кедергілер төмендеді. Бұл жайында кәсіпкерлерге «Delta Bank» АҚ СҚОФ валюталық бақылау басқармасының бастығы түсіндірді.

Ирина Қасымова,  «Delta Bank» АҚ СҚОФ валюталық бақылау басқармасының бастығы:
– Жеке тұлғалардың шетелдік валютаны елден шығару және әкелу жүйесі өзгертілді. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін тек 3 мың АҚШ доллары сомасындағы қаражатты емін-еркін енгізуге болатын. Енді бұл сома 10 мың АҚШ долларына жетіп отыр.

Ал Кеден одағы елдері арасында жүретін ақшаны кедендік декларацияға енгізу мүлдем қажет емес. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер  – Малдыбай Әбілев бұл өте тиімді дейді.

  Малдыбай Әбілев, «Амангелді Бәжікенов» ЖШС құрушы:
– Біз мал шаруашылығымен айналыспақпыз. Кеден одағы  өнімімізді экспортқа шығаруға қолайлы болады деп ойлаймын.

Экспортқа негізделген өндіріске қолдау көрсету – «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасында қарастырылған. Оның 3-ші бағыты бойынша кәсіпкерлерге субсидия берілуде.

 Светлана Назарюк, СҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ менеджері:
– Өңірлік үйлестіру кеңесі мұндай 24 өтінішті қанағаттандырды. Тағы 18 жобаға субсидия берілуде. Жылдық үстемақысы – 6 пайыз шамасында.

Мемлекеттік қолдауға экономиканың түрлі секторында қызмет ететін кәсіпкерлер ие бола алады.

Инеш Шоқақова