Балалар

Солтүстікқазақстандықтар «Жас Отанның» съезінен оралды

СҚМУ оқытушысы Әсемгүл Жүнісованың «Жас Отан» жастар қанатының құрамында жүргеніне 3 жылдың жүзі болыпты. Ұстаз жастар саясатын жүзеге асыруға өзінің септігін тигізіп жүргенін айтады. Ұйымдастырылатын шаралардың бірінен қалған емес. Жуырда Елбасының қатысуымен өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде де болды. Әсемгүл Жүнісованың мұндай республикалық жиындарға алғашқы баруы екен. Оқытушының Президенттің қатысуымен өткен шарадан алған әсері де мол.

Әсемгүл Жүнісова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– 16 қарашада Астана қаласында өткен жастардың “Жас отан” ЖҚ съезіне қатысқаныма өте қуаныштымын. Онда еліміздің Тұңғыш Президентімен жүздесу мен үшін ұмытылмас сәттің бірі. Съезде Елбасы жастардың еңбек етуіне барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Сонымен қатар еңбек нарығында Веб-портал құрылады деді. Онда жастар өздері жайында анықтама қалдырып, кейіннен жұмысқа орналасуына сеп болады екен.  

Әсемгүл Жүнісова бүгінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша сабақ береді. Ұстаздың еңбек өтілі 7 жыл. Әсемгүл жас ұрпаққа білім беру үшін аянбай еңбектеніп жүргенін айтады.

  Әсемгүл Жүнісова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– Барлығы да өзіне ұнаған пәнді таңдайтыны жасырын емес. Мен мамандығымды жақсы көремін. Біз университетте мектепке дейінгі білім беру және мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары бойынша студенттерді оқытамыз. Жастармен жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен әрбірімен тіл табысуға болады деп ойлаймын.  

Оқытушы енді Президенттің съезде ел жастарының алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізуге әзір.

Гүлбану Ахметова

Әсемгүл Жүнісова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– 16 қарашада Астана қаласында өткен жастардың “Жас отан” ЖҚ съезіне қатысқаныма өте қуаныштымын. Онда еліміздің Тұңғыш Президентімен жүздесу мен үшін ұмытылмас сәттің бірі. Съезде Елбасы жастардың еңбек етуіне барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Сонымен қатар еңбек нарығында Веб-портал құрылады деді. Онда жастар өздері жайында анықтама қалдырып, кейіннен жұмысқа орналасуына сеп болады екен.  

Әсемгүл Жүнісова бүгінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша сабақ береді. Ұстаздың еңбек өтілі 7 жыл. Әсемгүл жас ұрпаққа білім беру үшін аянбай еңбектеніп жүргенін айтады.

  Әсемгүл Жүнісова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– Барлығы да өзіне ұнаған пәнді таңдайтыны жасырын емес. Мен мамандығымды жақсы көремін. Біз университетте мектепке дейінгі білім беру және мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары бойынша студенттерді оқытамыз.