Балалар

Сектанттар қармағынан қалай сақтануға болады

 

Бүгінде дін мәселесі әлемдік проблемаға айналған. Жастарды теріс ағымдардың әсерінен сақтау мақсатында өңірімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі басқосуға ғалымдар, дін істері жөніндегі департамент  қызметкерлері, мұғалімдер, “Қызылжар” қалалық мешітінің имамы, “Жас Отан”жастар қанатының мүшелері мен студенттер қатысты. Жиында жастар өміріндегі діннің рөлі жайында әңгіме қозғалды. Көзқарасы бекімеген кейінгі буын теріс ағымдардың жетегінде кетуі әбден мүмкін. Оның алдын алу үшін не істеу керек. Осы жайында да жастар көптеген мағлұмат алды. Кәсіптік-педагогикалық колледждің 4 курс студенті Марат Мураховский жастар дін туралы мәліметтерден хабардар болып тұруы керек дейді.

  Мұрат Мураховский, студент:
-Теріс ағымдардан аулақ болғанымыз жөн.

Өңірімізде 108 діни бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткен.

Гүлбану Ахметова