Құқық қорғау органдары

Петропавлда кісі өлімі тіркелді

 

 Пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйітін полицейлер дүйсенбі күні тапқан. Жедел тергеу тобының қызметкерлері жәбірленушінің көршілерін тергеп, қылмысты жасауы мүмкін күдіктінің ізіне түсті. Соңғы кездері қаза болған адам үйіне пәтерші ретінде М.Жұмабаев ауданының 23 жасар тұрғынын алған. Күдікті жайлы ақпарат барлық полиция жасақтарына хабарланғаннан кейін, 2 сағат өтпей әлі жігіт қолға түскен.

Сәбит Ақмағамбетов, СҚО ІІД ЖПБ ЖП жеке батальонының аға инспекторы:
– Жедел басқару орталығы кезекшілерінен сағат жетіден 20 минут кеткенде Жұмысшы кентінде қылмыстық оқиға орын алды деген хабар түсті. Ал екі сағаттан кейін күдікті ұсталды. Осы аралықта қылмыскерді табу үшін жол бойындағы 50-ге жуық машина тоқтатылды.

Полицейлер сезіктіні ұстаған кезде ол мас болған. Тергеу барысында жәбірленуші мен сезіктінің бірсіп арақ ішкендері анықталды. Отырыс соңы жанжалға ұласады. Сезікті қарсыласының мойнына бірнеше рет пышақ салып алған. Кейін оның өлгеніне көзі жеткеннен кейін Жұмысшы кентінен жаяу жолға шығып, Омбы тас жолына дейін жетіп қалыпты. Күдікті бұған дейін істі болмаған. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторына алынып, факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әспет Әбдірешова