Қоғам

«Біз өмірді қалаймыз»


 

Соңғы 3 жылда облысымызда 45 жасөспірім өмірмен қош айтыспақ болған. Өз-өзіне қол жұмсауға бел буғандардың 96 пайызы 12 және 18 жас аралығында көрінеді. Дені – ұлдар. Сонымен қатар олар негізінен ауқатты және орташа жанұялардан шыққан. Яғни, балаларға көңіл бөлмеу олардың жүйкесінің жұқаруына жеткізеді дейді мамандар.

  Екатерина Антоненко, облыстық психоневрологиялық диспансердің психологы:
– Өзіне құл жұмсамақ болған жасөспірімдердің 90 пайызы өздеріне назар аударуға тырысады. Тек 10 пайызы ғана  шынымен де өмірін қиюға бел буады. Сондықтан балалармен үйде де, мектеп, колледждерде де жүйелі жұмыс істеу қажет.

Жиынға қатысқан мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, ұсыныстарын талқыламақ. Бауыржан Ахметов 11 жыл бойы психолог маман болып қызмет етуде. Қазіргі кезде балалардың психологтарға деген сенімі артуда дейді ол.

  Бауыржан Ахметов, ауыл шаруашылығы колледжінің психологы, Уәлиханов ауданы:
Балалармен әңгімелесу құпия түрде өтеді. Бұл, әрине олардың өз проблемаларын айтуға, бөлісуге жақсы.

Дегенмен өңір колледждерінде суицид жайттары жиілеп барады. Бірінші жартыжылдықта жалпы санның 48 пайызын құраған. Сондықтан колледж психологтары жұмыстарында жан-жақты әдістемелерді қолданулары тиіс.

Динара Шәймерденова, облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:
Біз осындай жиындарды жиі өткіземіз. Соңында ұсыныстар әзірлеп, әдістемелік құрал жасаймыз.

«Біз өмірді қалаймыз». Бұл таңдауды жастардың өздері жасауы тиіс. Ал оларға дұрыс бағыт-бағдар беру психологтардың міндеті.

Инеш Шоқақова