Спорт

Тай бокстан төрт алқа

 

 

Тартысты додаға барлығы 250 спортшы қатысуға ниет етіпті. Солардың ішінде біздің 4 муайтайшы да бар. Илья Кормин  бас жүлдені жеңіп алыпты.  Ал Әлішер Досбаев 48 келі салмақ дәрежесінде 3 рет боз кілемде белдесіпті. Тай боксшы есесін павлодарлыққа жіберіп алған. Сөйтіп, екінші орынға тұрақтапты. Әлішердің муай таймен айналысып жүргеніне 2 жылдан асыпты. Осы уақыттың ішінде жекпе-жек, муай тайдан облысымыздың чемпионы атанып үлгерген. Ендігі мақсатым әлемді бағындыру дейді ол.

  Әлішер Досбаев, жарыс жеңімпазы:
Келесі күні бізде финал болды. Финалда мен Павлодар қаласының спортшысынан ұтылып қалдым.

Данила Мачульский  үздік үштікті қорытындылапты. Спортшының мұндай жарыстарға қатысуы алғаш рет екен. Енді  Данила дайындығымды пысықтап, алдағы өтетін жарыстарда бас жүлдені жеңіп алуға тырысамын дейді.

Данила Мачульский, жарыс жеңімпазы:
Омбы қаласында өткізген жекпе-жегім маған өте ұнады. Қарсыластарым менің иығыма соққы берді. Мен де жауап қайтаруға тырыстым. Боз кілемде белдесу оңайға соққан жоқ. Дегенмен, қола алқаны жеңіп алғаныма қуаныштымын.  

Еліміздің намысын Омбы қаласының ашық кубогында Павлодар мен біздің Петропавл қаласы қорғаған. Додада біздің спортшыларымыз 4 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіпті.

Виталий Чуприна, жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушы:
Бізге Омбы қаласынан шақырту келгенде, еш ойланбастан қатысуға ниет білдірдік. Тартысты додада жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаған жоқпыз. Дегенмен менің спортшыларым жақсы өнер көрсетті. Барған 4 спортшының бәрі құр қол қайтпады. Тиесілі орындарын алды.  

Әзірге спортшыларымыз алдағы өтетін жарыстарға белсенді түрде қатыспақ ойлары бар.

Гүлбану Ахметова