Қоғам

“Ұлт көшбасшысы” фотокөрмесі

 

 

Көрмеге Тұңғыш Президентіміз алғаш рет 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облысымызға арнайы сапармен келген кезде түсірілген суреттері қойылды. Онда Елбасының халықпен жүздесуі, шаруа қожалықтары, өнеркәсіп орындарында, Қазақстан халқы ассамблеясының қызметкерлерімен жүздескен кездегі фотоларын көруге болады. Елбасы өңірімізге ат басын тіреген кезде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлейтінін көріп қуанған еді дейді «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы Сағындық Салмурзин.

Сағындық Салмурзин, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы:
– Елбасы менің қатысуыммен бізге 5 рет келді. Мемлекетіміздегі көп ұлтты азаматтардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын көріп қуанды.  

Көрмеге қойылған дүниелерді өңіріміздің екі фотографы түсірген. Мұнда 40-қа жуық сурет бар. Барлығында да Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жыл сайын іссапармен келген кездегі бейнесін көруге болады.

Ирина Паламарчук, облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры:
– Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың СҚО келгендегі сапарын еске түсіретін фотосуреттерді жинақтап, бүгінгі көрмеге қойдық. Бұл көрмені тамашалауға келгендер үшін қызықты деп ойлаймын. Мәселен, Елбасы Президент болып сайланар алдында 1991 жылы өңірге сайлаушыларымен жүздесуге келген болатын. Сол кезде мемлекетіміз қиын кезеңді бастан өткерді. Ал, қазір тату-тәтті, ауыз біршілікте, молшылықта өмір сүріп жатырмыз. Бұл Президентіміздің арқасында деп ойлаймын.

Тұңғыш президентіміздің күніне орай ашылған фотокөрмені қала тұрғындары бір ай бойы тамашалай алады.

 Гүлбану Ахметова