Спорт

Баскетболдан ел чемпионатының екінші туры аяқталды


 

Жергілікті “Барс” пен  Қапшағай  қаласында жинақталған аттас команданың кездесуі – екінші турдың соңғы ойыны. Жалпы, ойын қызықты әрі тартысты өтіп жатыр. Баскетбол добы көк түстілер мен қызғылт түсті киім киген жігіттердің қолында үздіксіз алма-кезек ауысты. 10 минуттан құралған 4 кезеңнің алғашқы 20 минуты аяқталғанда «Қапшағай» «Барыстан» 41 де 35 ұпаймен басым түсті.

Александр Рулев, бас төреші:

– Шымкент жеңіліссіз алда келе жатыр, одан кейін 2 жеңіліспен Астана тұр. Өзге командалардың да деңгейлері жақсы. Барлығының финалға шығу мүмкіндіктері бар.

Бірақ жергілікті баскетболшылар бірден жинақталып алып, қарсы жаққа біраз шабуыл жасады. Ойынның соңғы 10 минутында алаңда айып салу жиіледі. “Қапшағайдың” жігіті осындай айыптардың бірінде ұпай жинап алудың мүмкіндігінде қалт кетіп, сақинаға допты екі ретінде де түсіре алмады. Екі команда арасында ойын нәтижесі 62/67 болып аяқталды. Жеңіс “Барыстың” жағында.

Дмитрий Загаевский, “Барс” командасының капитаны:

– Тартысқа жақсы дайындалдық. Барлығы 4 ойын өткізіп, үшеуінде жеңіске жеттік. Команда кәсіби ойыншылардан құралған. Алдағы уақытта да тамаша нәтиже көрсетеміз деген сенімдеміз.

Қапшағай қаласының командасы өткен жылы ел чемпионы болыпты. Биыл топ жас жігіттерден қайта жасақталған соң сәл осалдық танытып тұрмыз дейді ойыншылар.

Владимир Воейков, “Қапшағай” командасының ойыншысы:

-Келген жаңа ойыншылар жас. Әлі тәжірибе жинап үлгерген жоқ. Ойнау сәл қиынға түсті. Жалпы, жеңісіміз біреу ғана.

Алда әлі ойналмаған 6 тур тұр. Кездесудің 3-ші кезеңі желтоқсан айында Қостанайда өтеді.

Данаш Хамзина