Аптадағы маңызды жаңалықтар

2015 жылға дейін энергияның жұмсалуын 10 пайызға азайту қажет



 

 

«Энергия үнемдеу бағытында бірқатар шаралар қолға алынды. 2 жаңа заң күшіне енді», – дейді индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов. Дегенмен бұл салада білікті қызмет ететін мамандар тапшы. Сондықтан кадрлар дайындау, кешенді жоспар жасау, алғашқы мемлекеттік реестр құру мәселелері басты назарда. Келер жылы аталмыш реестр іске қосылмақ. Оның арқасында барлық ірі тұтынушылардың мониторинг жүйесі қалыптасатын көрінеді. 2-ші мәселе – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында энергия үнемдеуді жүзеге асыру. Биыл облыс орталығындағы тұрғын үйлерде 455 жылу есептегіш құралы іске қосылған. 2013 жылы тағы 240 құрылғы орнатылмақ. Бұл тұтынушылардың үнемшілдік танытуына жол ашады. Сондай-ақ жиында энергия үнемдегіш шамдардың сапасы сөз болды. Ішінде сынабы барларын қолданыстан ысыру жайлы да айтылды. Селекторлық байланыс үзілген соң мәселелер жергілікті деңгейде пысықталды.

Қайрат Бекенов, СҚО әкімінің орынбасары:
Өңірдегі барлық ірі машинажасау зауыттары мен мемлекеттік органдардан ақпарат алынды. Тиісінше, кешенді жоспар құрылды. Сондай-ақ энергоаудитті жүзеге асыратын мамандарға лицензия беру мәселесі қарастырылуда.

Серік Біләлов барлық мемлекеттік мекемелерге бұл бағыттағы жұмысты бірлесе атқаруды тапсырды. Сондай-ақ тиісті ведомствоға СҚО-ң 2012-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеудің кешенді жоспарын қысқа мерзімде министрлікке жіберу жүктелді.

Инеш Шоқақова