Қоғам

Троллейбуспен тасымалдау қызметі қымбаттады

 

 

  Самат Есмағи, тілші:

-Троллейбус экологиялық таза көліктер санатына жатады. Бүгінгі күні елімізде екі троллейбус паркі жұмыс істесе, соның бірі бізде. Олар қарашаның 17- нен бастап жол ақысын 5 теңгеге қымбаттатқан болатын. Алайда ол да кәсіпорынның шығындарын жабуға жетпей отыр.

“Петропавл троллейбус паркі” серіктестігінің мамандары жол ақысының 5 теңгеге өсуін электр қуатының қымбаттауымен түсіндіріп отыр. Кәсіпорын қазіргі күні «СевКаз энерго» компаниясымен сараланған тариф бойынша жұмыс істейді.

  Айдын Мәкенов, “Петропавл троллейбус паркі” ЖШС директорының эксплуатация жөніндегі орынбасары:

-1- қазаннан «СевКаз-Энергоға» дифференциалды тариф төлейміз. Таңғы 8- ден кешкі 7-ге дейін 1 киловатт электр қуатының бағасы 10 теңге 23 тиын болса, кешкі жетіден түнгі 12 дейінгі баға 23 теңге 69 тиын. Ал түнгі 12-ден таңғы сегізге дейінгі құны 3 теңге 38 тиын. 1 киловат 14,5 теңгеден шығып отыр. Бір жылда 1 киловат бағасы 3 рет көтеріліп 30 пайызға жетті. Бірақ біз жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысын көтере алмаймыз.

Людмила Карпенконың троллейбус жүргізгеніне 10 жыл. Алайда алатын жалақымыз мардымсыз дейді. Кондуктордың жалақысы -35, ал жүргізушінікі 45 мың теңге шамасында екен.

  Людмила Карпенко, троллейбус жүргізушісі:

-Қолға тиетін таза жалақым 35 мың теңге. Күніне 12 сағат жұмыс істеуге тура келеді. Ауыр, әрине ,оның үстіне көлікті қосалқы бөлшектермен жабдықтауда да қиындықтар туындайды. Көнеміз бәріне.

Троллейбус электр қуатымен жүйткитін көлік. Сондықтан серіктестік жұмысы “СевКаз энерго” компаниясына тікелей бағынышты. Тоқ берсе жүресің, болмаса тоқтайсың. Яғни олар энергетиктермен алдын ала төлем бойынша жұмыс істейді. Белгіленген сома әр айдың 19- на дейін төленуі тиіс.

  Айдын Мәкенов, “Петропавл троллейбус паркі” ЖШС директорының эксплуатация жөніндегі орынбасары:

 -Қарашада біз 350 мың киловатт алсақ, алдын ала 5-6 миллион теңге төлеуіміз керек. Ал жаңа жылға қарай ол 9 миллионға жетеді.  

Парктің жаңа техника алуға қауқары жоқ. Сондықтан былтырғы жылы Астана мен Қарағанды қаласынан, бұрындары қолданыста болған ескі 20 троллейбус сатып алған. Жалақы төмен, материалдық базасы шатқаяқтаған кәсіпорынға жолақы құнының көтерілгенінен пайда шамалы. Оны біріміз түсінсек, біріміз түсінбейміз.

-45 теңге қымбат әрине. Жалақы болса аз.

-Қазіргі уақытта тиімді емес қарапайым халыққа. Бірақ онсыз болмайды, бәрібір көтереді.

-Қымбатшылыққа үйрендік, бірақ содан сапа мен жағдай жақсарса деген тілек бар.

Облыс орталығында автобустар мен шағын автобустарды есептемегеннің өзінде күніне халыққа 36 троллейбус қызмет көрсетеді екен. Ал сапа мен бағаны таңдау әркімнің өз еркінде.

Самат Есмағи