Спорт

Самбодан әскери институттың біріншілігі өтті

 

 

Біріншілікке барлығы 8 бөлімшенің курсанттары қатысты. Самбошылар 8 салмақ дәрежесі бойынша өз араларында мықтыны анықтауға тырысты. Институтта бұл сияқты жарыстар жиі өткізіліп тұрады екен. Сондықтан болар, курсанттардың арасында жақсы нәтижеге қол жеткізгендері де аз емес екен.

  Бауыржан Досжанов, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастығы:
– Бүгінгі өтіп жатқан жарысымыз Тұңғыш Президентімізге арналған. Жарыстың мақсаты алдымызда өткелі тұрған ІІМІӘ арасындағы дайындық.  

Бірінші болып 57 салмақ дәрежесінде 2-ші оқу ротасының курсанты Мырзабек Әбдікәрімов сынға түсті. Ол қарсыласын шапшаңдығымен жеңе білді. Мырзабек былтырғы өткен жарыста 3 орынға ие болыпты. Осы жолы бас жүлдеден дәмелі екенін жасырмады.

Мырзабек Әбдікәрімов, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ курсанты:
Біріншісі өте қиын болады. Оның күшін, тактикасын білмейсің. Мектеп кезінен еркін күреспен айналысқам. Осында келген соң самбоны меңгердім.

Екінші болып Нұржан Әйіп өнер көрсетті. Нұржан да қарсыласына мықты екенін дәлелдеді. Курсанттың жеткен жетістіктері аз емес. Омбы қаласында өткен жарыста бас жүлдені иеленсе, Новосибирскіде үздік үштікті қорытындылаған.

Нұржан Әйіп, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ курсанты:

–  Бұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Бұнң алдындағы жарыстарға қатыстым. Бұл жарыста әрине ұтқым келеді. Бірінші орынды аламын деп ойлаймын.  

Институт біріншілігінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бас жүлдеге 1 оқу ротасы ие болды. Үздіктері әскери институттар арасында өтетін жарысқа жолдама алмақ.

Гүлбану Ахметова