Қоғам

Оқушылардың облыстық әскери-патриоттық ойындары

Әскери-патриоттық оқулар облысымызда осымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Аталмыш сайыста  командалардың басты міндеті –  өздерінің нағыз елін сүйген отаншыл жастар екенін таныту. Аз да болса әскери өмірден хабары бар жеткіншектер сонымен қатар  мектеп бағдарламасындағы алғашқы әскери дайындық сабағынан алған білімдерін байқата алады.

Нұрсаят Саркен, «Казfond» жастар қоғамдық қорының атқарушы директоры:
– Ең басты мақсаты – әрине оқушылар мен жастар арасында әскердің имиджін жақсарту, жастар арасындағы патриотизмді дамыту. Біздің жастардың арасында патриотизм жоқ деп айта алмаймыз. Шал ақын, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Есіл аудандарынан және де ПСЭК колледжінен құрамалар келіп отыр.

Жарысқа барлығы 8 команда қатысады. Бұл сында құрамалар өздерінің әскери тұрғыда қаншалықты машықтанғанын көрсетпек.

 Қайрат Тілегенов, СҚО білім басқармасының алғашқы әскери даярлық, спорт орталығының бас инспекторы:
– Біз әр балаға патриоттық тәрбие береміз Отанды қалай қорғау керектігі жөнінде. Автоматты  бөлшектеп-жинау, азаматтық қорғаныстан газға қарсы жабдықтарды шешіп-кию, жарақаттанған адамдарға сол жабдықтарды кигізу, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету – соларды бәрін үйретеміз.

Жарысқа келген жеткіншектер әзірге дайындық үстінде. Олардың араларында болашақта әскер қатарына барып, Отан алдындағы борышын өтесем деген жалынды жастар да бар екен.

– Біз жақсы дайындықпен келдік. Жарысқа алғаш рет қатысып отырмыз. Сондықтан жеңеміз деген үмітпен келдік.
– Мен патриоттық сезім жастарға ең керек нәрсе деп ойлаймын. Мен болашақта әскер қатарына барғым келеді.  

Әскери-патриоттық оқу-жаттығалары үш күнге жалғаспақ.

Әспет Әбдірешова