Билік

Облыстық әкімдікте энергия үнемдеу мәселесі талқыланды

 

 

 

Кеңес барысында аталған мәселе бойынша  алдымен сараптау жұмыстары жүргізілу керек делінді. Шығын көлемі мен себебі анықталғаннан кейін ғана барып, тиісті шаралар қолға алынбақ.Энергияны үнемдеудің өзектілігі күн санап артуда. Мәселен, жылу мен жарық тарифы жоғарылуының түп негізінде кәсіпорын жағынан шығын болса, ал тұтынушылар тарапынан үнемсіздік жатыр. Сол себепті, екі жақ та бұл мәселеге бірдей көңіл аударса жақсы болар еді. “Петропавл Жылу Желілері” ЖШС -ң директоры Андрей Калиничев жарық пен жылу, суға ұқыптылықпен қарау ұғымы адамның сана-сезімінде қалыптасып, бала кезден бастап тәрбиеленуі қажет дейді. Сонда ғана бұл істің нәтижесі болмақ. Десе де, «Петропавл Жылу Желілері» өз тәжірибесінде қазір үнемдеу процесін соғұрлым жетілдіріп жатыр.

Андрей Калиничев, “Петропавл Жылу Желілері” ЖШС директоры:

– Бүгінде барлық құбырлар арнайы қорғаныштық жабындысы бар құбырларға ауыстырылып жатыр. Сондай-ақ, жылу көлемін есептеп отырамыз. Қаладағы тұрғын үйлерге 455 жылу есептегіш құралын орнаттық, ал, келер жылы тағы осындай 240 құрылғыны іске қосамыз.

Жиын барысында бұдан басқа жарықты аз мөлшерде тартатын арнайы жарық шамдар туралы да айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Анатолий Ко энергия үнемдегіш шамдармен ғана шектелмей, мемлекеттік мекемелердің ысыраптарын жан-жақты қарастыру керек екенін айтты, бірінші кезекте, жылу шығынын. Өйткені, кейбір нысандардың тозығы жектен көрінеді.Сол себепті, энергия пайдаланудың тиімді және тиімсіз тұстарын анықтап беретін энергоаудит жүргізу жоспарланып отыр.

  Хасип Сюникаев, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары:

-Бірінші кезекте, бұл бюджеттік мекемелерге қатысты. Ғимаратта орнатылған жарық құрылғыларының жарамдылығы, автоматтық реттеу желілері және жылу құрылғыларының жағдайы тексеріледі. Жарықты тұтыну көлемі есептеледі.

Осы ретте, СҚО-ң 2012-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеудің кешенді жоспары әзірленген.

Данаш Хамзина