Спорт

Мұз айдындары мен шаңғы жолдары жасалып жатыр



 

Өңірімізде 127 мұз айдыны, 10-нан астам шаңғы тебуге арналған жол жасалады деп жоспарлануда. Мұз айдынының 6-уы қалада болса, қалғандары аудандарда орналаспақ. Ал, «Қарасай», «Жастар» стадиондарымен қатар Пестрое көлі арнайы қысқы спорттық жарыстарды өткізу үшін дайындалмақ. Әзірге техниканың көмегімен қар тегістеліп жатыр. Айта кету керек, биыл облыс әкімінің қолдауымен мұз айдынын жасау үшін арнайы машина сатып алынды.

Серік Жарасбаев, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары:
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша осы жұмадан бастап қысқы спорт түрлеріне дайындалып жатырмыз.Хоккей корттарын жасап жатырмыз. Прокатқа берілу құны 350 теңге болады.  

«Қарасай» стадионында құйылып жатқан мұз айдынының ұзындығы 110, ал ені 50 метр болмақ. Егер алдағы уақытта ауа райы суық болатын болса, тез арада мұз айдынының жұмысы аяқталмақ.

Мен коньки тебумен айналысамын. Мұз айдыны алаңдарының аяқталуын асыға күтудемін. Бұл біздің спорттың қысқы түрлерінен жақсы нәтижеге қол жеткізуімізге себепші болар деп ойлаймын.
Менің спорттың бұл түрімен айналысқаныма 3 жыл    болды. Мұз айдынында сырғанау маған өте ұнайды. Сондықтан  күнде осында келіп дайындалып тұрамыз.  

Мұз айдындарын 1 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған. Дәл сол күні аудандарда қысқы спорт түрлерінен, яғни коньки тебу мен шайбалы хоккейден жарыс жалауын көтермек.

Гүлбану Ахметова