Денсаулық сақтау

ВИЧ жұқтырғандар саны өткен жылғыдан азайды

 

Айтқандай, өткен жылмен салыстырғанда, вич инфекциясына шалдыққандардың саны облыста 17 пайызға азайған. Дегенмен көңілге қаяу түсіретін жайттар да аз емес. Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы мәліметтерге сай, вичтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталықта  423 адам тіркелген. Соның ішінде вич инфекциясын жұқтырған аналардан 31 бала өмір есігін ашқан. Оның ішінде 3 сәбидің қауіпті вирусты жұқтырып туғандығы белгілі болса, 9-ы диспансерлік есепке алынған.

 Любовь Бунина, СҚО ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықтың бөлім меңгерушісі:
– Облыс аумағында ағымдағы жылдың 10 айы ішінде вич инфекциясының 51жаңа жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш 8,8, ал республика бойынша 10,4-ті көрсетіп отыр. Яғни өткен жылмен салыстырғанда дертке шалдыққандардың үлесі 17 пайызға азайған. Жаңа анықталған жағдайлар көрсеткендей, алдағы жылдардағыдай вич инфекциясын жұқтырудың негізгі факторы – инъекциялық наша қабылдау болып отыр.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, вич инфекциясының таралу жолдарын білу оның алдын алуға көп септігін тигізеді. Сондықтан да қауіпті вирусты жұқтырғандармен ұдайы жұмыс жасау керек. Әрі мұндай тығыз байланыс психологиялық тұрғыда суицидтің алдын алуда маңызды болып табылады. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының да ролі зор дейді жиынға қатысушылар.

 Зәуре Жұмалиева, СҚО ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталық тілшісі:
– Вич инфекциясына шалдыққан адамдар біздің қоғамымызда да бар. Бірақ біз олар туралы біле бермейміз. Осы науқаспен ауыратын адамдар мен олардың балалары кей жағдайда қоғамнан шеттетіліп жатады. мәселеге бей-жай қарамауымыз керек.

Соңғы үш жылда вичтің анадан балаға жұғу жағдайлары азайды дейді дәрігерлер. Бұл да алдын алу жұмыстарының жемісі болса керек.

 Әспет Әбдірешова