Білім

Тұңғыш Президент күніне арналған ұстаздар конференциясы

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіз ел атанып, бүгінгідей әлем таныған мемлекеттердің қатарына қосылуында жасаған еңбегі өлшеусіз. Мұны өз елі мен Елбасын сүйген әрбір адам құптайды. Ал оның өнегелі тұлғасының мәңгілік тарих бетінен өшпей, жас ұрпаққа үлгі болуы бүгінгі тарихты жасаушыларға, соның ішінде ұстаздар қауымына байланысты.

Гүлзағира Нұртаева, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі:
– Конференцияның маңызы өте зор деп ойлаймыз. Өйткені ҚР тәуелсіздік мерейтойының 20 жылдығын атап өттік өткен жылы. Көптеген нәтижелер бар. Еліміз халықаралық сахнада жақсы орынға ие болды. Соның әрине үлкен орын алатын себебі, оның кепілі – ол біздің Президент. Ендеше ұстаздарымыз бүгінгі конференциядан бяндамашылардың сөздерінен көп ұғым алып, оны оқушылар арасында таратады деген сенімдеміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің бас қаласының Астана болып қалыптасуындағы ерен еңбегі өз алдына бөлек әңгіме дейді конференцияға баяндама дайындап әкелген тарих пәнінің мұғалімі – Асхат Ахманов. Елордасы – Астана бүгінде әр қазақстандықтың мақтанышы. Сол себепті де ол бүгін әріптестерінің алдында жаңа дәуірдің жаңа астанасы жайында сөз қозғамақ.

Асхат Ахманов, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей мұғалімі:
-Егер тарихқа көз жүгіртсек, 1997 жылдан бастап Ақмола қаласы астана рөлін атқаруда. Дәл сол уақытта қазақ халқы үшін өте қиын жағдай болды. Соған қарамастан, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге бел байлап, өз дегеніне жетті деуге болады. 10-15 жылдың ішінде қазіргі астанамыз гүлдену үстінде. Елбасымыз қазіргі ұрпақтың тәрбиесіне, олардың адамгершілігіне, азамат ретінде көп үлес қосып жатыр.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар алда да өткізіледі.

Әспет Әбдірешова