Мәдениет

Суретші Сергей Сиденконың көрмесі

 

 

Суретшінің көрмесін тамашалауға туған туыстары, әріптестері, болашақ қылқалам шеберлері жиылды. Олар Сергей Сиденконың туындыларын көріп, рухани азық аласың, мазмұны терең еңбектер көрерменіне ой тастайды дейді.

Владимир Денисов, суретші:
-Суретшінің пейзаж жанрында салған еңбектері сәтті шығыпты. Оған айтатыным өз өлкеміздің табиғатын көбірек суреттесе екен. Туындылардан Сергейдің еркіндігі сезілмейді.  

Бүгінгі көрмеге қылқалам шеберінің 60 туындысы қойылды. Дені сиясы кебе қоймаған дүниелер. Сергей Сиденко шығармашылығында кескіндеме мен  графиканы: қарындаш, тушь, гуашты көп қолданады. Айта кету керек бұл суретшінің Петропавл қаласындағы алғашқы көрмесі екен. Сергейдің туындыларын жоғары бағалаған өзге де әріптестері табылды.

Василий Манзя, суретші:
Сергей Сиденконы көрмегелі көп болды. Ол менің оқушым болған еді. Бүгін Сережаның көрмесі өтетінін естіп, оны тамашалауға келдім. Оқушымның көп белестерді бағындырғанын байқадым. Салған дүниелері көңілімнен шықты.  

Суретшінің жеке қорында 200-ден астам еңбек бар.
Ол табиғат көрінісі, жеміс-жидек, ертегі кейіпкерлерін қағазға түсіргенді ұнататынын айтты.

Сергей Сиденко, суретші:
Менің туындыларымның арасынан қиял-ғажайып суреттерді де кездестіруге болады. Өмірімдегі қызықты дүниелердің бәрін қағаз бетіне түсіргенді ұнатамын.  

Бүгінгі көрмені тұрғындар 1 ай бойы тамашалай алады.

 Гүлбану Ахметова