Билік

Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру

 

Бұл құжат халықтың атқарушы орган өкілдеріне деген сенімін арттыруға бағытталған. Жетілдірілген құжатпен  қала  әкімдігі аппаратының кадрлармен қамту секторының меңгерушісі Гулия Салтыкова жіті танысыпты.

 Гулия Салтыкова, қала әкімдігі аппаратының кадрлармен қамту секторының меңгерушісі:
-Бұрындары мемлекеттік қызметке жарияланған байқау 1 айдан артық уақыт алатын. Қазір 15, әрі кетсе 20 күннің ішінде өткізіледі. Мемлекеттік қызметке ену үшін екі деңгейлі сынақ тапсыру керек.  

Жаңашылдық мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруды көздейді. Егер лауазымды қызметке үміткердің кәсібилігі сай болмаса  қабылданбайды. Байқау ашық түрде өтеді. Сондықтан жемқорлыққа жол жоқ дейді әкімдіктегілер. Нормативтік құжатта тәжірибелі мамандардың жұмысын ынталандыру жағы да қарастырылған.

Гулия Салтыкова, қалалық әкімдігі аппаратының кадрлармен қамту секторының меңгерушісі:
– 15 жылдан артық еңбек еткен тәжірибелі маман марапатқа ие болмақ. Сапалы қызметімен танылса кеуде белгісі беріледі. Ақшалай сыйақылар қарастырылады. Бірақ ол үшін аянбай тер төгіп еңбек ету керек.  

Кәсіби біліктілікті арттыру баптарына да бірқатар толықтырулар енгізілген.

Жеңіс Ермұқанов