Спорт

Айбек Хырыхбай – әлем чемпионы

 

Әлем чемпионаты 3 рет Алматы қаласында өткен. Дүбірлі додаға барлығы 26 мемлекет қатысыпты. Соның ішінде біздің өңірдің спортшысы Айбек Хырыхбай да бар. Айбек 86 келі салмақ дәрежесінде 4 рет боз кілемде белдескен. Қарсыластарын тегістей тізе бүктіріпті. Лейтенант Айбек Хырыхбайдың спортпен шұғылданып жүргеніне 15 жыл болыпты. Мол тәжірибесінің арқасында ол спорттың 5 түрінен спорт шебері атанып, қоржынын 70-ке жуық медальмен майлаған.

Айбек Хырыхбай,  әлем чемпионы:
-Қарсыластарым  бәрі мықты Болгария, Израиль, Әзірбайжаннан болды.  Ақтық сайыста Өзбекстан спортшысымен  кездестім.

 

Айбектің әскери институтта қызмет етіп жүргеніне 3 жылдың жүзі болып қалыпты. Лейтенант өз білгенін қасындағыларға үйретуден жалыққан емес дейді дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасының бастығы Бауыржан Досжанов.

  Бауыржан Досжанов, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастығы:

– Осындай жарыстарға көп барады.Алдында Қазақстанның барысына екі жыл қатарынан қатысты.

Спортшының алға қойған жоспары ауқымды. Әзірге Мәскеу қаласында өтетін әлем додасына дайындалмақ.

Гүлбану Ахметова