Денсаулық сақтау

Оқушылар темекінің зияны туралы не біледі

 

 

Екі топқа бөлінген 8 сынып оқушылары темекінің адам денсаулығына қаншалықты зиянды екенінен хабардар. Сондықтан да олар бүгінгі шарадан қалыс қалмай, өз үлестерін қосуда. Мұндағыларға ұйымдастырушылар бірнеше сұрақ дайындап қойған. Ойынға қатысушылар сауалға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинайды.«Энергия» командасының ойыншысы Алина Макаровская салауатты өмір салтын ұстанады. Оқушы еліміздің жастары темекіден аулақ болса дейді.

Алина Макаровская, Петропавлдағы №8 эстетикалық тәрбие беретін мектеп-кешенінің оқушысы:
-Темекі шеккен адам әлсіреп, ауыра береді. Денсаулығымның мықты болғандығын қалағандықтан мен салауатты өмір салтын ұстанамын.  

Екінші жақ «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» деп аталады. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтың жауабын жылдам табуға тырысуда.

Әмір Мұқанов, Петропавлдағы №8 эстетикалық тәрбие беретін мектеп-кешеннің оқушысы:
 – Біз шылым шегуге қарсымыз. Темекі адам өмірін қысқартады.  

Ұйымдастырушылар халықаралық темекіден бас тарту күнін оқушылар  арасында ойын түрінде өткізуді жөн санапты, бастама сәтті шықты.

Наталья Канюк, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары  облыстық орталығындағы темекіге қарсы орталық меңгерушісі:
-Шылымды бір рет шегіп көрген адам кейін әдетке айналдыруы көбейіп барады. Сондықтан да осы жағдайдың алдын алу үшін біз жыл сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырамыз. Темекі адам ағзасына өте зиянды улы заттардан тұратындықтан, барлығын темекіден бас тартуға шақырамын.

Шылым шегуден бас тарту күнінде ұйымдастырылған “Жүздің бірі” атты ойынға қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлбану Ахметова