Қоғам

Ең үздік зейнетақы қоры

 

 

Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып бірегей зейнетақы жинақтау қорын құрды. Жалпұлттық ауқымды құрылымдық жүйеде тіркелген 11 қорда 3 триллион теңге жиналыпты. Оның үштен бірі “Қазақстан халық банкі” жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ үлесінде.

Андрей Жексенбаев, “Қазақстан халық банкі” ЖЗҚ” АҚ атқарушы директоры:
– Салымшыларымыздың жинақтары 1,001 триллион теңгеге жетті. Ол Қазақстанның жинақтаушы жүйесіне салынған жалпы соманың 32,99 пайызын құрайды. Бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Яғни нәтиже Халық Банкі зейнетақы қорының Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдерінде де негізгі инвестор атануына мүмкіндік береді.  

Осыдан 15 жыл бұрын енгізілген жаңа реформаға 8 млн. отандасымыз тартылған. Оның 2 млн 357 мыңнан астамы құрметті демалыста пайдаға асыратын ақшаларын аталмыш қаржы институтына сеніп тапсырған. Бүл табыс көзімен қамтылған әрбір төртінші қазақстандықтың таңдауы. Қалаулары да негізсіз емес. Бүгінде мығым бекіп, әбден қалыптасқан жүйенің жеке табысы 278 мрд. теңгені құрап отыр.

 Райхан Әбдірахманова, “Қазақстан халық банкі” ЖЗҚ” АҚ СҚОФ директоры:
– Оның 30 пайызы біздің салымшыларымыз үшін табылған инвестициялық табыс. Биылғы жылдың 9 айында 51 млрд. теңгенің инвестициялық табысын көрдік. Бұл Қазақстандағы барлық зейнетақы қорларының жалпы табысының 42 пайызынан астамы. Салымшылардың сенімі біз үшін қымбат. Алдағы уақытта да осы сенімді ақтауға дайынбыз.  

Бұның көп бөлігі мемлекеттік құнды қағаздар мен өміршең Ұлттық компаниялар жобаларына қаржы құюдың жемісі. Экономиканың барынша тартымды әрі тұрақты секторына ірі сомалы инвестиция ұсынудың нәтижесі. Клиентеріне де түрлі қаржылық операциалар көрсетіледі.

 Темірғали Маекенов, “Қазақстан халық банкі” АҚ СҚОФ директоры:
– “КазТрансОйл” АҚ, “Қазақстан темір жолы ҰК” біздің ірі инвесторларымыз. Тек қана біздің банктің жанындағы қорға өте жоғары деңгейдегі “А++” рейтингі берілді. Қор салымшылары бонустарға ие. Ол арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеуге толық құқылы.  

Қай жағынан алып қарасақ та көш басында келетін акционерлік қоғам 12 жыл қатарынан еліміздегі ең үздік зейнетақы қоры атанып келеді. Сенімділік ұялататын мекеменің ел бойынша 18 филиалы мен 169 сервистік орталығы бар. 104 мыңнан артық жерлесімізге қызмет көрсететін 9 орталық пен 1 филиал жұмыс жасайды. Барлығы орталықтандырылған заман талабына сай электрондық жүйеге көшті. Бұл қаптаған қағаз бен жол машақатын шешіп, қызмет сапасын одан әрі сапаландырудың бірден бір жолы. Әрбір үшінші жұмыс істеуші өңір тұрғыны зейнетақы жинақтарын осында аударып тұрады екен. Бұл шамамен 30 млрд теңге. Қор мамандары кәсіби мерекелеріне осындай толағай табыстармен жетіп отыр.

Жеңіс Ермұқанов