ТЖ

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті кезектен тыс аттестациялаудың қорытындысын шығарды



 

Жақында ғана солтүстікқазақстандық құтқарушылар өз мамандақтары бойынша сынақ тапсырып, кезектен тыс аттестациялаудан өтті. Барлығы төтенше жағдайлар департаменті бойынша 835 қызметкер өздерінің кәсіби біліктіліктерін тексерді. Арслан Хұсайыновтың бұл саладағы еңбек өтілі 14 жыл. Ол аттестаттаудың маңызы зор дейді.

 Арслан Хұсайынов, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:
– Біздің жұмыстағы басты мақсатымыз – өрттің алдын алу, ескерту және оның себептерін анықтау. Биылғы жылы Президенттің жарлығына байланыста кезектен тыс аттестациялаудан өттік. Қызметкерлер өздерінің кәсіби жарамдылықтарын танытты. Көпшілігі бұл сыннан өтті. Әрине қобалжу болды. Өз ісін білетін адамдар үшін бұл қиын емес деп ойлаймын.

Кезектен тыс аттестациялаудан 691 қызметкер сәтті өткен. Ал 65 құтқарушы кадрлық резевке, яғни қызметін жоғарылату мүмкіндігіне ие болды. Бұл сыннан өте алмаған 35- і жұмыстарынан босатылған.

 Серік Дүйсембеков, СҚО төтенше жағдайлар департаменті кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы:
– 835 қызметкердің біреуі – жоғары аттастациялау комиссиясынан, 22-сі орталық, 812-сі аймақтық аттестациялау комиссиясынан өтті. 36 қызметкер өз еріктерімен аттестациядан өтпейміз деп, жұмыстарынан шықты.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өткен 10 айда атқарылған жұмысты қорытындылады. Ағымдағы жылы облыста өрт оқиғаларының саны өскен. Одан келген шығынның мөлшері – 440 млн теңгені құраған. Соның ішінде жеке секторда 549 өрт оқиғасы орын алған. Сауда нүктелерінде – 14, ормандарда – 13 өрт оқиғасы тіркелген. Сонымен қатар, ауа райының келеңсіздіктеріне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жүргізіліп тұрады.

Асхат Бакишев, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:
Қар құрсауынан 151 адам құтқарылып, 47 техника, оның ішінде 4 автобус шығарылды. Сонымен қатар жол полицейлерімен бірігіп, жолда қалған көлік иелеріне көмек көрсетілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қыс маусымының келуімен жұмыс та көбейеді деп отыр.

Әспет Әбдірешова