Бизнес және экономика

Қарашаның 15-і – қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі


 

1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңге айналымға енген еді. Ел экономикасы өскен сайын теңгенің дизайны сан мәрте өзгерді. Қорғаныш қабілеті артып, сапасы жақсарды. Бұның барлығы тәуелсіздігіміздің жемісі дейді мамандар. Теңге әлемдегі тұрақты валюталардың бірі болып саналады екен. Ұлттық валютамыз ел экономикасының өрге домалауына да зор септігін тигізіп отыр, – дейді Жомарт Қажырахымов. Ағымдағы жылы мемлекетіміздің даму көрсеткіштері артыпты. Мәселен, ішкі өнім 5 пайызға өсіпті. Өңірде жағдай да тұрақты.

Жомарт Қажырахымов, ҚР Ұлттық банкі СҚОФ директоры:
-Биылғы жылы 10 айдың ішінде банк жүйесі біздің облыста 73 млрд теңге қаржы кредит берген екен. Бұл дегеніміз әр ай сайын 7 млрд теңгеден көп несие беріп отырған. Бұл да жақсы көрсеткіш. Халықтың жеке несие алуы да, 17 млрд теңге халыққа берген екенбіз. 3,5 млрд теңге ипотекаға алған. 73 млрд теңгенің 31 пайызы шағын және орта бизнеске берілген екен.

Бақыт Сәбиева да 90-шы жылдар ұлттық валюта үшін салмақты міндет жүктелген күрделі кезең болғанын айтып отыр. Ол Ұлттық банктің Солтүстік Қазақстан филиалында 19 жыл еңбектеніп келеді.Еліміздің тәуелсіздігімен бірге жасасып келе жатқан төл теңгеміздің алар асулары әлі алда.
 

Айдана Демесінова