Денсаулық сақтау

Скрининг қатерлі ісікті анықтауға көмектеседі

 

 

 

Облыстық онкологиялық диспансер 1954 жылы құрылған. 58 жыл бойы аурухана қызу даму үстінде. Мұнда мидан басқа органдардағы барлық дерлік обырға емдеу жүргізіледі. Емдеудің үш түрі: хирургиялық, сәулелік және химиялық ота жасалады. Заманауи құрылғылармен қамтылуымыз да жақсы дейді диспансердің бас дәрігері Ермек Әбдірімов. Бүгінде 41 дәрігер және 103 медбике еңбек етеді екен. Ауруханаға жыл сайын 5 мыңа тарта азамат келеді. Мұнда қазір скринигтік тексеруге баса көңіл бөлініп отыр. Өйткені аталған шара аясында сүт безінің тіркелуі 80 пайызға дейін өссе, жатыр мойнындағы обырды анықтау 90 пайызға дейін жетіпті. Сүт безінің ісігі өткен жылы Қазақстанда таралуы жағынан бірінші орынға шыққан. Мәселе қазір де өте өзекті. Ақ халаттылар бұл жағдайдың нақты себебін көрсетіп отыр. Дәрігерлер баланы міндетті түрде бір жасқа дейін емізіп, жиі қаралып тұруға кеңес береді. Сондай-ақ, 2 жылдан кейін облыстық онкологиялық диспансерде 4 жаңа скринингті қоса есептегенде барлығы 7 түрлі алдын ала анықтау жүргізілетін болады. “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында облыстық онкологиялық диспансерде тұрғындардың қалауымен өзге қалаларға барып емделу мүмкіндігі де бар.

Данаш Хамзина