ТКШ

“Қолжетімді баспана- 2020” бағдарламасы жүзеге асырылуда

  

 

Биыл мемлекеттік тапсырыс жоспарына сай “Береке” ауданында 2 бірдей жалдамалы коммуналдық тұрғын үй қалануы тиіс. 95 пәтерлі алғашқы әлеуметтік баспананы көтеру “Альфа-Север” ЖШС тапсырылыпты. Құрылыс аумағы 7650 шаршы метрді құрайды. Жоба құны 541 млн теңге. Бүгінде қаражат толығымен игерілген.

Анрей Капустин, “Альфа-Север” ЖШС директоры:
2011 жылдың тамызында үйді көтере бастаған болатынбыз. Осы уақытқа дейін құрылысқа 150 адам жұмылдырылды. Сметалық құжатттан ауытқымай, барлық сапа талаптарын орындадық. Инженерлік желілерді тарттық. Енді оларды орталық желіге қосу ғана қалды.

Аяқталған үйдің бойынша қорытындыны арнайы комиссия жасайтын болады. Оның іргесінде бой түзеген дәл осындай баспананың негізгі құрылысы да тәмамдалған. Бұл екі үйдегі 190 пәтердің барлығы баспанаға зәру боп жүрген, кезектегі азаматтарға арнайы салынды.  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де өз салымшыларына екі бірдей үйді көтеріп жатыр. Бұл бастама да “Қолжетімді баспана” мемлекеттік бағдарламасының жемісі.

Игорь Киселев, СҚО құрылыс басқармасының бастығы:
– Интенационал 4Г мекенжайындағы 55 пәтерлі үйдегі жұмыстар бітуге жақындағын. Жоба аясында Юбилейный-Семашко көшелерінің қиылысындағы 126 пәтерлік тұрғын үйдің қолданысқа берілу күні алыс емес. Сәл ғана әрлеу жұмыстары қалды.  

Пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 90 мың теңге. Бағдарламада жас отбасыларын баспанамен қамту жайы жекелей бағытқа алынғаны белгілі. Енді отасқандардың қоныс тойы келесі жылы тойланбақ. Береке ауданында ондай 7 бірдей үй көтерілмек. Сметалық құжаттары дайын. Тіпті алғашқысының іргетасы соғылып қойылыпты. Көтеріліп жатқан 75 пәтерлі көп қабатты тұрғынжайға 568 млн теңге қарастырылған.

Игорь Киселев, СҚО құрылыс басқармасының бастығы:
-Жас мамандарға арналған тағы 6 үйдің құрылысы келесі жылға жоспарланған. Барлығы да Береке ауданында тұрғызылады. Үшеуі 15 пәтерлі. Қалған 27-і пәтері 4-ші классты болмақ. 1 шаршы метрінің құны 80 мың теңге деп белгіленді. Жаңадан инженерлік желілер тартылады. Аулалары заман талабына сай абаттандырылады.  

Сондай-ақ жаңадан бой түзеп жатқан ауданда келесі жылы Тұңғыш Президенттің зияткерлік мектебі есігін айқара ашпақ. Жалпы биыл өңір бойынша 97 800 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Оның 47 мыңнан артығы облыс орталығында. Ал Қазақстанда 2012 жылы “Қолжетімді баспана-2020” бағдарламасының арқасында 37 мың пәтер иелі болды.

Жеңіс Ермұқанов