Энергетика

Біздің өңір үшін қандай отын түрі тиімді

Қазіргі уақытта солтүстікқазақстандықтар пәтерлерін көмірмен жылытады.

Оның қоры да шектеулі, қоршаған ортаға тигізер зияны да аз емес. Вадим Некрасов – жылу  пайдалану саласының маманы. Ол жиынға өзінің 30 жылғы зерттеу нәтижелерімен бөлісуге келіпті. Ғалым тұрмыстық жағдайда биогазды қолдануды ұсынып отыр. Мұндай тәсіл көршілес Қырғызстан елінде кеңінен қолданылатын көрінеді.

Вадим Некрасов, техника ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы:
– Мен төрт түліктің қиынан органикалық заттардың бөліну процесіне аса мән беріп отырмын. Оның арқасында биогаз алып, соны энергия көзі ретінде пайдалануға болады. Мұндай тәсіл Семей қаласы мен Луговое стансаларындағы шаруашылықтарда біртіндеп қолданыла бастады.

Жаңартылған энергия көздерін пайдалануға біздің өңір де бет бұруда. Биыл «Зенченко және К» командиттік серіктестігінде жел стансасы орнатылған болатын. Яғни, шаруашылық желден жарық алуға кірісті.

Сергей Худяков, облыстық пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының төрағасы:
– Біздің мақсатымыз – жаңартылған энергия көздерін алуға арналған құрылғыларды шығарушылар мен тұтынушылардың басын қосу. Өзара байланыс орнату. Сондай-ақ өңірімізде қандай жаңартылған энергия көздерін пайдалануға болатындығын бірлесе шешетін боламыз.

Күн, жел, шағын өзендер, су және ауа, биомасса мен қалдықтар энергиясы. Мұның бәрі жаңартылған энергия көздеріне жатады. Мамандар әр өңір ерекшелігін ескере отыра, олардың қай түрін қолдану қажеттігін шешпек.

Инеш Шоқақова