Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аграрийлер үйі


 

 

Бұл – егер барлық ауыл шаруашылығы саласының құрылымдары бір шаңырақ астында отырса, өзара жұмыс та жемісті болмақ деген оймен салынған үй. Әрі қала тұрғындары да белгілі бір басқарманы немесе бөлімді іздеп көп жүрмейді деді Серік Біләлов Аграрлық үйде. Нысан 4 қабаттан тұрады, оның әрбіреуінде кең кабинеттер мен жиналыс өткізуге арналған залдар бар.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– 20-30 шақты адам қатысатын кеңестері өткізуге болады. Сіздер қалай бағалайсыздар?
– Өте жақсы!

Бірінші қабатта “Даму” қоры мен кәсіпкерлікті қолдау орталығы орналасады. Ал, екіншісінде жер басқармасы, одан жоғары ветеринарлық инспекция мен ауыл шаруашылығы басқармасы жайғасады. 4-ші қабат табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына арналған. Серік Біләлов Аграрлық үй маңын абаттандыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Үй сыртындағы алаңды абаттандырып, машина тұрағын жабдықтауға болады.

Аграрлық үйді салуға 500 млн теңге жұмсалыпты. Нысан қолданысқа тапсырылған.

Данаш Хамзина